Preview

Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (40) (2026)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

11-18 184
Аңдатпа

Мақалада қорғаныс медицинасы тәжірибесінің мәні, оның пайда болу себептері және қазіргі денсаулық сақтау жүйесіндегі таралу ерекшеліктері ғылыми-құқықтық тұрғыдан талданады. Зерттеу барысында қорғаныс медицинасының клиникалық шешім қабылдауға әсері, дәрігерлердің құқықтық жауапкершіліктен артық сақтануының деңгейі және оның медициналық көмектің сапасына ықпалы қарастырылады. Сонымен қатар, аталған құбылыстың таралуына әсер ететін құқықтық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және психологиялық факторлар кешенді түрде зерделенеді.
Зерттеудің әдіснамалық негізін ғылыми-құқықтық талдау әдістерінің кешені құрайды, қорғаныс медицинасы құбылысының мәнін ашу мақсатында отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге шолу жасалған. Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің нормативтік-құқықтық базасына жүргізілген талдау және халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде қорғаныс медицинасының таралу деңгейі бағаланады.
Зерттеу нәтижелері қорғаныс медицинасының таралу деңгейін төмендетуге бағытталған құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды жетілдіру қажеттігін негіздеуге мүмкіндік берді.

ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ

19-25 146
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында алимент өндіру саласында жасанды интеллект технологияларын енгізу перспективалары қарастырылады. Зерттеу халықаралық нормативтік актілерді, ғылыми жарияланымдарды, сондай-ақ сот төрелігін цифрландыру және құқық қолдану процестерін автоматтандыру мәселелерін зерттеген шетелдік ғалымдардың еңбектерін талдауға негізделген.

Автор ведомствоаралық ақпараттық жүйелер мен интеллектуалды болжау алгоритмдерін біріктіретін атқарушылық іс жүргізудің бірыңғай цифрлық жүйесін қалыптастыру қажеттілігін негіздейді. Жасанды интеллектті қолданудың ықтимал артықшылықтары мен тәуекелдері, сондай-ақ заңдылық пен әділеттілік принциптеріне ықтимал қауіптер көрсетілген.

Қорытындыда сот шешімдерін орындау саласына жасанды интеллектті енгізудің нормативтік-құқықтық реттеуін, этикалық стандарттарын және ұйымдастырушылық-техникалық тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдалған.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНОЛОГИЯ

26-33 156
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға қатысты электрондық қадағалау құралдарын қолдану мәселелері қарастырылады. Электрондық мониторингті пайдаланудың құқықтық негіздері, оны қолдану практикасы және ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық сипаттағы проблемалар талданады. Электрондық бақылау бас бостандығынан айырумен байланысты емес баламалы жазалау шараларын қолдануды кеңейтуге бағытталған қазіргі заманғы қылмыстық саясаттың тиімді құралдарының бірі болып табылатыны атап өтіледі. Сонымен қатар, электрондық бақылау құралдарын енгізу заңнамадағы жекелеген рәсімдерді жеткіліксіз регламенттеумен, техникалық инфрақұрылымның, толық дамымауымен және материалдықтехникалық ресурстардың шектелулігімен байланысты бірқатар қиындықтармен сүйемелденеді. Мақалада құқықтық реттеуді жетілдіруге және пробация жүйесінде электрондық мониторингті қолдану тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар тұжырымдалған.

34-43 136
Аңдатпа

 Мақалада экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің халықаралық-құқықтық стандарттарына салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізіліп, олардың Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының жекелеген нормаларының дамуына ықпалы қарастырылған.

Зерттеу барысында автор осы мәселеге арналған отандық және шетелдік ғылыми еңбектерді зерделеді. Сонымен қатар халықаралық-құқықтық стандарттардың Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы мен заңнамасының дамуына, соның ішінде Қылмыстық кодекстің экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар мен кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық туралы нормаларының жекелеген ережелерінің қалыптасуына тигізетін әсерін анықтау мақсатында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің (соның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күрестің) халықаралық-құқықтық стандарттарына салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізді.

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін кезең-кезеңімен трансформациялау арқылы халықаралық-құқықтық стандарттардың бірқатар оң идеялары мен нормаларын және табысты шетелдік құқықтық тәжірибені ұлттық заңнамаға кезең-кезеңімен имплементациялауға бағытталған тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

44-51 140
Аңдатпа

Мақалада алаяқтық киберқылмыстылықтың кең таралған түрлерінің бірі ретінде қарастырылады. Киберқылмыстылық жүйесіндегі алаяқтықтың орнын айқындаудың негізгі шетелдік және отандық ғылыми тәсілдері талданады. Әлеуметтік инженерия құбылысына, кибер алаяқтықтың виктимологиялық ерекшеліктеріне және оның пәнаралық сипатына ерекше назар аударылады. Цифрлық орта алаяқтықтың алдау мен сенімге қиянат жасауға негізделген құқықтық табиғатын өзгерткен жоқ, алайда оның ауқымын, жасалу тәсілдерін, жәбірленушіге ықпал ету тетіктерін және латенттілік деңгейін түбегейлі өзгертті. Қазіргі алаяқтықты меншікке қарсы қылмыс, ақпараттық құқыққа қайшы әрекет белгілері және жәбірленушіге әлеуметтік-психологиялық әсер ету белгілерін біріктіретін пайдакүнемдік сипаттағы әрекет ретінде қарастыру керек деген қорытындыға келді.

52-59 129
Аңдатпа

Мақалада ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алудың қылмыстық-құқықтық тетіктері талданады. Зерттеудің мақсаты цифрлық ортада жасалатын алаяқтықтың құқықтық табиғатын айқындау, оның алдын алуда қылмыстық заңнаманың, құқық қолдану практикасының және құқық қорғау органдарының ұйымдастырушылық қызметінің рөлін анықтау. Жұмыста формальды-заңи, салыстырмалы-құқықтық, жүйелік-құрылымдық және доктриналық талдау әдістері пайдаланылды. Авторлар алаяқтықтың дәстүрлі белгілері цифрлық кеңістікте сақталғанымен, алдау тәсілдері, жәбірленушіге ықпал ету нысандары, дәлелдемелердің электрондық сипаты және қылмыстың трансшекаралық элементі оның алдын алуды күрделендіретінін негіздейді. Сонымен бірге құқықтық саралау өлшемдерін нақтылау, цифрлық іздерді бекіту тәртібін жетілдіру, жәбірленушіні ерте қорғау, банктер мен платформалармен өзара іс-қимылды күшейту және ақпараттық-талдамалық қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар беріледі.

60-68 138
Аңдатпа

Мақалада цифрлық қылмыстылықтың дамуы жағдайындағы ұйымдасқан топтың қылмыстыққұқықтық ұғымы зерттеледі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, цифрлық платформаларды және жасырын байланыс құралдарын пайдаланатын ұйымдасқан қылмыстық қызметтің қазіргі заманғы нысандары қарастырылады. Ұйымдасқан топтың белгілерін реттейтін Қазақстан Республикасының және бірқатар шет мемлекеттердің қылмыстық заңнамасына талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде ұйымдасқан топтың дәстүрлі белгілері цифрлық ортада әрекет ететін қылмыстық бірлестіктердің қызметін әрдайым толық бағалауға мүмкіндік бермейтіні анықталды. Зерттеу барысында ұйымдасқан топтың қылмыстық қызметтің сабақтастығы, қатысушылар құрамының тұрақтылығы және сандық құрамы, олардың әрекеттерінің үйлесімділігі, сондай-ақ қылмыстық мақсаттарға жету үшін цифрлық технологияларды пайдалану әлеуеті сияқты жүйелі белгілерін кешенді түрде бағалау қажеттігі негізделді. Зерттеу нәтижелері бойынша қазіргі жағдайда ұйымдасқан топ белгілерін соттық түсіндіруді жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленді.

69-76 129
Аңдатпа

Жалдамалылардың қызметі халықаралық қоғамдастықтың бейбітшілігіне, тұрақтылығына және қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін ауыр қылмыстық құбылыс болып табылады. Жалдамалылар жеке пайда табу мақсатында қарулы қақтығыстарға қатысатын және мұндай әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын ерекше құқықтық мәртебесі бар тұлғалар. Жалдамалылардың қарулы қақтығыстарға қатысуына көптеген мемлекеттердің ұлттық заңнамаларында, сондай-ақ негізгі халықаралық-құқықтық құжаттарда тыйым салынған, себебі мұндай әрекеттер мемлекеттердің заңды әскери институттарының қызметіне нұқсан келтіреді.

Бұл мәселенің күрделілігі мен маңыздылығын ескере отырып, зерттеудің негізгі мақсаты ретінде жалдамалылықпен байланысты қылмыстардың кешенді құқықтық-қылмыстық талдауын белгілейді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін құқықтық анықтамалар, қылмыс құрамының элементтері, қатысу нысандарын, сондай-ақ жалдамалылықтың алдын алу, жазалау және оған қарсы күресу үшін ұлттық және халықаралық деңгейлерде қабылданған шараларды зерттеу кіреді.

77-84 144
Аңдатпа

Бұл мақалада «киберқылмыстылық» ұғымымен біріктірілетін қылмыстық құқық бұзушылықтар тобы бойынша ресми қылмыстық статистиканы қалыптастырудың өзекті мәселелері қарастырылады. Олардың соңғы бес жылдағы динамикасын талдау осы саладағы криминогендік жағдайды талдауға теріс әсер ететін бірқатар қайшылықтарды анықтады. Ең алдымен, кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ақпараттың толық еместігі байқалады. Сондай-ақ қылмыстық статистикада ұрлық және есірткі қылмыстары сияқты өзекті бағыттардағы жедел ахуалды сипаттайтын бірқатар құрамдар бойынша мәліметтердің жоқтығы атап өтіледі. Осындай жағдай алауыздықты қоздыру, билікті басып алуға ашық шақырулар және сепаратизм бойынша да байқалады. Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі негізінен ақпараттық ортада және жаңа технологияларды қолдану арқылы дайындалып, жасалады. Жүргізілген талдау негізінде ресми статистиканы осы маңызды көрсеткіштермен толықтыру ұсынылады.

85-92 119
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде ұсталатын, оның ішінде нақты еңбек қызметіне тартылған сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысы қарастырылады. Қауіпсіздігі барынша төмен режим тек жеңілдетілген ұстау тәртібін ғана емес, сонымен қатар жеке сүйемелдеуге қойылатын ерекше талаптар қоятыны көрсетіледі, өйткені еңбекпен қамтылған сотталғандар жұмыс берушілермен, әлеуметтік ортамен және сыртқы байланыстармен жиі қатынас жасайды. Заңнаманы, ведомстволық тәжірибе және ғылыми тәсілдерді талдау негізінде тәрбиелік ықпалды тәуекелді бағалаумен, тұрақты құқыққа сай мінез-құлықтың тұрақтылығымен және қайта әлеуметтендіру міндеттерімен байланыстыру қажеттігі негізделеді. Іс-шаралардың сандық есебін бұзушылық себептері мен мінез-құлық динамикасын ашпайынша, профилактикалық нәтижені толық көрсетпейтіні атап өтіледі. Қайта әлеуметтендіру босатуға дейін басталатын, еңбек дағдыларымен және әлеуметтік байланыстармен ұштасатын ұзақ процесс ретінде бағаланады. Ведомстволық қағидаларды нақтылау, ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту, динамикалық қауіпсіздік элементтерін қолдану және қоғамдық қауіпсіздікке бағытталған жеке сүйемелдеу бағдарламаларын бекіту ұсынылады. Нәтижесінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді сүйемелдеу моделі ұсынылады.

93-99 143
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының құқық қорғау функцияларын іске асыру мәселелері қарастырылады. Функционалдық талдау негізінде әскери полиция органдарының құқықтық мәртебесі, құзыреті және практикалық қызметі зерттеледі.

Әскери басқару органдарымен өкілеттіктердің қайталануы, өзіне тән емес функцияларды орындау, профилактикалық жұмыстың тиімділігінің төмендігі, сондай-ақ ұйымдық-штаттық құрылымның әскерлердегі әскери құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттеріне сәйкессіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылады. Аталған факторлардың әскери тәртіптің жай-күйіне, құқық бұзушылықтардың профилактикасына және құқық қорғау өкілеттіктерін іске асыруға әсері талданады.

Сонымен қатар нормативтік-құқықтық реттеу, әдістемелік қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алуда тәуекелге бағдарланған тәсілдің болмауы мәселелері қарастырылады. Әскери полиция органдарының құқық қорғау қызметінің мамандандырылуын күшейту, өкілеттіктерді функционалдық шектеуді жетілдіру және әскери құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің превентивтік моделін дамыту қажеттігі негізделеді.

100-106 150
Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік сатып алулар саласындағы лауазымдық қылмыстар заң талаптарына формальды түрде сәйкес келетін сатып алу рәсімдері арқылы жүзеге асырылатын бюджет қаражатын жымқырудың жасырын экономикалық-құқықтық тетігі ретінде зерттеледі. Мұндай қылмыстар конкурстық қағидаларды жеке бұзумен ғана шектелмей, жария қаржыны аффилиирленген не бақылаудағы субъектілердің пайдасына қайта бөлуге бағытталған басқарушылық шешімдердің алдын ала құрылған жүйесі болып табылатыны негізделеді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын, сот және бақылау-қадағалау практикасын талдау негізінде бәсекелестікті шектеу, сатып алуларды жасанды түрде бөлшектеу, нақты өнім берушіге бейімдеп әзірлеу, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын негізсіз көтеру, сондай-ақ мемлекеттік шарттардың жалған орындалуы сияқты типтік схемалар ашылады. Сатып алу қызметінің жоғары деңгейде формалдануы, қылмыстық ниетті экономикалық орындылықпен бүркемелеу және нақты пайда алушыларды анықтау қажеттілігімен байланысты дәлелдеу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Мемлекеттік сатып алулар саласындағы бюджет қаражатын жымқыруды анықтау және дәлелдеудің жетілдіру жөніндегі ұсыныстар негізделеді.

107-117 131
Аңдатпа

Мақалада шет мемлекеттердегі тәркіленген мүлікті және оны өткізуден түскен қаражатты пайдалану тетіктері зерттеліп, Қазақстан Республикасында аталған институтты жетілдіру мүмкіндіктері талданады. Салыстырмалы-құқықтық талдау негізінде алыс және жақын шет мемлекеттердегі тәркіленген активтерді басқару модельдері қарастырылады. Заңнамада тәркіленген активтердің бір бөлігін құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға бағыттау көзделген құқықтық жүйелерге ерекше назар аударылады. Құқық қорғау қызметін тәркіленген қаражат есебінен қаржыландырудың жол берілуі мәселесіне қатысты ғылыми пікірлер талданады. Қазақстан Республикасында тәркіленген мүлікті орталықтандырылған есепке алу жүйесін қалыптастыру және тәркіленген активтердің арнайы қорын құру қажеттілігі негізделеді. Ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленген.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС

118-124 135
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында мемлекеттік айыптауды қолдаудың институционалдық және процестік мәселелері жарыспалылық, кінәсіздік презумпциясы, процестік әділеттілік және адам құқықтарын қорғау қағидаттары тұрғысынан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты мемлекеттік айыптаушы мәртебесін және соттағы айыптау қызметінің ұйымдастырушылық негіздерін жетілдірудің ғылыми негізделген моделін әзірлеу болып табылады. Әдіснамалық негізін формальды-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық және жүйелік әдістер, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, шетелдік және посткеңестік мемлекеттердің тәжірибесі, халықаралық стандарттарды, сондай-ақ ғылыми және сараптамалық дереккөздерді талдау құрады. Қолданыстағы модель мемлекеттік айыптаушының объективті әрекет ету жөніндегі процестік міндетін оны жалпы прокуратура органдарының сатылы жүйесі ұйымдастырушылық бағыныштылықпен ұштастыратыны негізделеді. Зерттеу нәтижесінде келіспеушіліктерді алқалы түрде шешу тетігі, айыптау ұстанымын өзгерту рәсімінің жазбаша нысаны және айыптау бейімділігін төмендетуге бағытталған кепілдіктер жүйесі бар мамандандырылған мемлекеттік айыптаушылар вертикалін құру моделі ұсынылады.

125-132 171
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтағы қылмыстық процесте цифрлық дәлелдемелерді құқықтық реттеудің ерекшеліктері қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі киберқылмыстылық деңгейінің артуымен және қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу барысында электрондық деректерді кеңінен қолданумен байланысты. Цифрлық дәлелдемелердің құқықтық табиғаты, олардың дәлелдеу жүйесіндегі орны, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізу барысында жинау, тіркеу және бағалау ерекшеліктері талданады. Қазақстанның ҚПК-нің жалпы нормаларына және қолдану тәжірибесіндегі икемділікке негізделген тәсілі Еуропалық одақтағы егжей-тегжейлі құқықтық реттеу мен стандарттау жүйесімен салыстырылады. Құқықтық белгісіздікке, техникалық қамтамасыз ету деңгейіне және трансшекаралық деректерге қол жеткізуге байланысты мәселелер айқындалады. Зерттеу нәтижесінде ұлттық заңнаманы жетілдіру, процестік кепілдіктерді күшейту және бірыңғай стандарттарды енгізу қажеттілігі туралы қорытындылар жасалады.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

133-142 111
Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасының сот жүйесінде экологиялық сараптаманы құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне арналған. Зерттеудің мақсаты сот ісін жүргізу барысында қолданылатын экологиялық сараптаманың құқықтық тетіктерін кешенді талдау және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған құқықтық ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Зерттеу барысында экологиялық сараптаманы құқықтық реттеу жүйесіндегі негізгі проблемалар анықталып, олардың сот тәжірибесіне әсері ғылыми тұрғыдан талданады. Атап айтқанда, нормативтік-құқықтық актілердің фрагментарлығы мен өзара үйлесімсіздігі, сарапшылардың кәсіби мәртебесі мен жауаптылығының жеткілікті деңгейде айқындалмауы, процестік нормалардың нақты регламенттелмеуі және тәуелсіз сараптама институтының институционалдық әлсіздігі негізгі мәселелер ретінде қарастырылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы сот-экологиялық сараптаманы құқықтық реттеудің құрылымдық моделін әзірлеу және оны халықаралық тәжірибемен салыстырмалы талдау негізінде ұлттық құқықтық жүйені жетілдіру бағыттарын айқындауда көрініс табады. Зерттеу барысында жүйелі-құрылымдық, салыстырмалы-құқықтық және эмпирикалық әдістер қолданылып, шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен Қазақстанның сот практикасы салыстырмалы түрде талданады. Нәтижесінде сот-экологиялық сараптаманың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар тұжырымдалады: нормативтікқұқықтық базаны жүйелеу, сарапшылардың құқықтық мәртебесін нақтылау, кәсіби аттестация мен аккредиттеу тетіктерін жетілдіру, сараптаманың бірыңғай әдістемелік стандарттарын енгізу және сараптама процестерін цифрландыру. Ұсынылған шараларды іске асыру ғылыми негізделген сот шешімдерін қабылдауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және сот төрелігінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

143-154 169
Аңдатпа

Мақалада интернет-алаяқтардың диалогтары психолингвистика, нейролингвистикалық бағдарламалау және криминалистика тұрғысынан талданады. Зерттеудің өзектілігі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әлеуметтік инженерия әдістерімен жасалған киберқылмыстардың қарқынды өсуіне байланысты. Зерттеудің эмпирикалық базасын шабуылдаушылар мен Антиколл-орталық операторлары арасындағы телефон сөйлесулерінің 530 аудиожазбасы (жалпы ұзақтығы 105 сағаттан астам). Әдістемелік тұрғыдан жұмыс дискурстық талдауға, контенттік талдауға және құрылымдық-функционалдық тәсілге негізделген. Нәтижесінде негізгі манипуляциялық заңдылықтар анықталды: ресми мәртебеге еліктеу және кәсіби жаргон арқылы беделге негізделген ықпал ету стратегиялары; тегін ұсынысқа негізделген психологиялық триггерлер; SMS-кодтарды алу үшін рефрейминг әдістері; эмоциялық ауытқуларды басқару тәсілдері. Жәбірленушілерге қарсы тұру тәсілдері, яғни логикалық талдау, әзіл және абсурдқа дейін жеткізу тәсілі де бөлек талданады. Жасанды интеллект пен синтетикалық мазмұнды реттеудің шетелдік тәжірибесі қарастырылды (ЕО, Ұлыбритания, Сингапур, Қытай, Үндістан).

Азаматтарға, құқық қорғау органдарына, банктерге және цифрлық қауіпсіздік жүйелерін әзірлеушілерге арналған практикалық ұсынымдар тұжырымдалған.

155-160 128
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты университетте оқып жүрген Z буын студенттерінің өмірлік табыс туралы түсініктері және оның этикалық нормалармен арақатынасын анықтау. Осыған сәйкес зерттеуде сауалнама жүргізу, деректерді талдау және құжаттарды зерделеу әдістері қолданылды. Зерттеу құқықтану және филология бағыты бойынша екі түрлі мамандық студенттеріне жүргізілді. Нәтижелер көрсеткендей, құқықтану мамандығындағы студенттер адамның әлеуметтік-экономикалық мәртебесі және еңбекке деген көзқарасына байланысты қасиеттерді бағаласа, филологиялық ғылымдар студенттері көбірек тұлғаның адамгершілік қасиеттеріне және олардың ісәрекеттегі көрінісіне маңыз береді. Студенттік жастар дәстүрлі мәдени құндылықтарды ұстануды жалғастыруда және оларды табысқа жетуде маңызды деп санайды. Сонымен қатар қалыптасқан көзқарастар тұрақты емес және бұл буын жастарының өмірге бейімделуі кәсіби және өздері өмір сүретін ортасына байланысты өзгеруі мүмкін.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚ

161-170 263
Аңдатпа

Мақала халықаралық және өңірлік сот органдарының тәжірибесіндегі адам құқықтарының универсализмі мен мәдени релятивизмінің арақатынасын зерттеуге арналған ғылыми талдау ұсынылады. Салыстырмалы-құқықтық талдау негізінде Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың, Адам құқықтары жөніндегі Америкааралық соттың, Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сотының, сондай-ақ халықаралық қылмыстық трибуналдар мен Халықаралық қылмыстық соттың қызметіне талдау жасалды. Зерттеу нәтижелері универсализмнің адам құқықтарын халықаралық қорғау жүйесінің іргелі негізі болып табылатынын және өмір сүру құқығы, азаптауға тыйым салу, кемсітушілікке жол бермеу сияқты негізгі стандарттардың, сондай-ақ императивтік халықаралық-құқықтық нормалар мызғымастығын қамтамасыз ететінін көрсетті. Сонымен қатар өңірлік сот органдары мәдени контексті ескерудің әртүрлі үлгілерін қалыптастырған: еуропалық жүйедегі «мәдениерекшеліктерді ескеретін универсализмнен» бастап америкааралық тәжірибедегі «мәдени ерекшеліктерге бағдарланған универсализмге» дейін. Халықаралық қылмыстық соттар мен БҰҰ Халықаралық соты неғұрлым қатаң универсализм қағидатын ұстанады, мұнда мәдени және тарихи уәждер іргелі құқықтық нормалардың қолданылуын шектей алмайды. Талдау нәтижесінде әмбебап стандарттарды мәдени әртүрлілікті ескере отырып қолдануға негізделген көпдеңгейлі құқық қолдану моделінің қалыптасу үрдісі анықталды.



ISSN 2518-7252 (Print)
ISSN 3079-4609 (Online)