Preview

Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (36) (2025)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

8-17 119
Аңдатпа

Ғылыми мақала қазақстандық азаматтардың репродуктивті денсаулықты қорғауға, оның ішінде Қазақстан Республикасында рұқсат етілген қосалқы репродуктивті әдістер мен технологияларды қолдана отырып, бедеулікті емдеуге немесе еңсеруде өз конституциялық құқығын іске асыру мәселелерін талдауға және шешуге арналған. Авторлар репродуктивті денсаулықты қорғау, денсаулық сақтау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету, қосалқы репродуктивті әдістер мен технологияларды қолдану, отбасы құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңнаманы және тәжірибені зерттейді. Заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін жан-жақты және терең талдау авторларға қазақстандық азаматтар мен отбасыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің сақтандырылған қатысушылары ретінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен қоса алғанда, қосалқы репродуктивті әдістер мен технологияларды қолдану арқылы өздерінің бедеулікті емдеуде немесе еңсеруде репродуктивті құқықтарын іске асыруға кедергі келтіретін елеулі мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. Жұмыс соңында авторлар қарастырылып отырған құқықтық қатынастар саласында қазақстандық заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді.

18-25 115
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы әкімшілік әділет саласындағы құқықтық принциптердің маңызы мен рөлі егжей-тегжейлі қарастырылады. Бұрынғы КСР Одағы елдерінің әкімшілік әділет жүйесіне көшу үлгілерін және оны Қазақстанда енгізу ерекшеліктерін зерттей отырып, авторлар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын заңды бекітуге тоқталады. Әділеттілік принципін заңдылық принципімен қатар қолдану қажеттілігін жүйелі талдау мақаланың әдіснамалық негізіне айналды. Ғылыми жаңалық – әкімшілік процедуралардың принциптерін, демек, қоғамдық басқарудың бүкіл жүйесін анықтайтын ықпалы бар маңызды бағынышты басшылық принциптерді зерттеу.

Әкімшілік сот ісін жүргізу азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тиісті бақылаудың болмауына байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу қаупі бар екенін атап өткен жөн.

Әкімшілік әділет азаматтардың құқықтарын қорғаудың бір түрі деп санаймыз. Мақалада Қазақстан Республикасындағы әкімшілік әділет институтын дамыту процесі талданады.

26-32 108
Аңдатпа

Мақалада авторлар әкімшілік айыппұлды жауаптылықтың түрі және оның Қазақстан Республикасының заңнамасындағы ерекшеліктері ретінде қарастырады. Қазақстан Республикасының әкімшілік айыппұлдарға қатысты заңнамасын талдау кезінде нормативтік құқықтық актілер зерделенді, олар әкімшілік айыппұл салуға ықпал етеді және заңнамада қайшылықты сәттер туғызады. Әкімшілік айыппұлға қатысты мәселелерді зерттеу қажеттілігі құқықтық және экономикалық тұрғыдан ерекше өзектілікке ие. Сонымен қатар, әкімшілік айыппұлды қарастыруға байланысты мәселелер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарымен байланысты ерекше маңызға ие. Мұндай өзара байланыс әкімшілік айыппұлдың әкімшілік заңнаманың бір бөлігі ретінде көптеген құқық бұзушылықтарды қамтып, сондайақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу шарасы болып табылатындығымен түсіндіріледі. Авторлар мақалада әкімшілік айыппұлға байланысты бар мәселелерді шешу жолдарын ұсынады, оларды жүзеге асыру көптеген қоғамдық қызмет салаларындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың санын азайтуға ықпал етуі мүмкін.

33-40 112
Аңдатпа

Мақала азаматтық қоғамның құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысуын зерттеуге арналған, халықаралық тәжірибеге баса назар аударылады. Авторлар құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамды құқықтық тәртіпті сақтауға тартуға бағытталған заңнамалық бастамалар мен практикаларды талдайды. Әртүрлі елдерде профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру үшін қолданылатын цифрлық технологиялардың мысалдары, соның ішінде бейнетіркеу және құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға арналған қосымшалар қарастырылады. Мұндай технологияларды қолданудың құқықтық аспектілеріне және оларды Қазақстанда енгізу перспективаларына ерекше назар аударылады. Авторлар азаматтарды, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды бейнетіркеу үшін технологияларды пайдалану арқылы процеске белсенді қатыстыра отырып, «көретін мемлекет» тұжырымдамасына көшуді ұсынады. Тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу қажеттілігі, мүмкін, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде екендігі атап өтіледі. Авторлар халықаралық тәжірибемен (Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ресей Федерациясы) расталған осындай бастамаларды енгізу жазаның бұлтартпаушылығына ықпал етеді, құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті нығайтады және жеке тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығын қалыптастыра отырып, құқықтық мемлекетті дамытады деп есептейді.

41-49 93
Аңдатпа

Мақала экстремистік ақпараттық материалмен күрес жағдайында сөз және шығармашылық еркіндігін іске асырудың заңдармен кепілдік берілген шектерін анықтауға арналған. Зерттеу барысында қарастырылып отырған демократиялық принциптің рөлі, маңызы, мазмұны және оны негізгі халықаралық құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының заңнамасы тұрғысынан шектеудің айрықша шарттары қарастырылады. Авторлар сөз және шығармашылық еркіндігін іске асырудың заңды шекаралары жеке мүдделерді (бала асырап алу құпиясы, жеке өмірге қол сұғылмаушылық, коммерциялық құпия және т.б.) және көпшілік (мемлекет, қоғам, әлеуметтік топтар) мүдделерін қорғау үшін белгіленген заңнамалық шектеулер болып табылады деген қорытынды жасады. Сонымен қатар, халықтың белгілі бір бөлігінің ұлттық және діни сезімдерін қозғайтын арандатушылық және қорлау сипатындағы наразылық акциялары мен шығармашылық жұмыстарын бағалауға қатысты жекелеген елдердің түрлі көзқарастары проблемасы бойынша пікір білдірілген.

50-59 78
Аңдатпа

Денсаулықты қорғау құқығы адамның басқа құқықтары мен бостандықтарының негізі болып табылады. Денсаулық сақтаудың бүгінгі күні тек әлеуметтік мәселе ретінде ғана емес, сонымен қатар конституциялық-құқықтық категория ретінде пайда болуы зерттеуге ерекше мән беріп отыр. Жұмыстың мақсаты – азаматтардың конституциялық құқықтары жүйесіндегі денсаулықты қорғау құқығының орнын талдау, оның басқа да негізгі құқықтармен байланысын анықтау, сонымен қатар оның мазмұны мен конституциялық-құқықтық сипаттамаларын белгілеу.

Зерттеу объектісі – азаматтардың денсаулығын қорғау құқығын қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастар.

Зерттеу пәні – оның өмір сүру құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру және қолайлы қоршаған орта сияқты басқа конституциялық құқықтармен байланысы мен өзара әрекеті.

Зерттеу әдістемелік тұрғыдан ұлттық және халықаралық құқық нормаларын қарастыруға, шетелдік және отандық авторлардың еңбектерін және халықаралық ұйымдардың құжаттарын теориялық негіз ретінде пайдалануға негізделген.

Авторлар Конституцияның 29-бабының ресми түсіндірмесін және денсаулықты қорғау мәселелеріне қатысты конституциялық нормалардың мәні мен мазмұнын нормативтік-құқықтық түсіндіруді әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына үндеу жолдау қажеттілігі туралы қорытындыға келді. 

АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

60-69 91
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауаптылығын сақтандыру жүйесінің құқықтық негізі талқыланады, сақтандырудың тәжірибеде қолданылуына баға беріледі. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауаптылығын міндетті сақтандыруды, сондай-ақ қолданыстағы жүйедегі мәселелерге, реттейтін заңнамалық бастамалар мен нормативтік актілерге ерекше назар аударылады. Кәсіптік тәуекелдерді сақтандыру тетіктері, пациенттер мен дәрігерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі сақтандыру компаниялары мен медициналық мекемелердің рөлі қарастырылады.

Авторлар сақтандыру жүйесінің тиімділігіне кері әсер етуі мүмкін құқықтық реттеудегі бар олқылықтарды, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен пациенттерді құқықтық қорғау деңгейін арттыру мақсатындағы заңнаманы жетілдіру жолдарын талқылайды. Сондай-ақ, қазақстандық жүйені бейімдеу үшін пайдалы болуы мүмкін медициналық сақтандыру саласындағы халықаралық тәжірибелер қамтылған. Мақалада денсаулық сақтау саласындағы тұрақтылықты, оған деген сенімді нығайту үшін кәсіби жауаптылығын сақтандыру жүйесіне қатысты заңнаманы жетілдіру қажеттілігі туралы қорытынды жасалады.

70-79 87
Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы эндаумент-қорларды құру және басқару мәселелері қарастырылады. Дамыған елдердің университеттері ұзақ мерзімді тұрақтылық пен инновацияларды қамтамасыз ету үшін эндаумент-қорларды кеңінен қолдануда. Қазақстанда мұндай қорларды дамытуға қажетті заңнамалық негіздің болмауы олардың әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік бермейді. Зерттеуде эндаумент-қорлар арқылы ғылыми және білім беру мекемелерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары ұсынылады. Арнайы заң жобасы қаражат тартуды, ұзақ мерзімді даму стратегияларын жүзеге асыруды және университеттердің тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ұсынылған тәсілдер қорларды тиімді басқаруды, инвестицияларды қорғауды және олардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Зерттеу нәтижелері эндаумент-қорлардың маңыздылығын көрсетіп, Қазақстандағы білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жолдарын ұсынады.

80-88 93
Аңдатпа

Мақала нотариаттық қызметтегі дауларды шешудің балама әдісі ретінде медиацияны зерттеуге арналған. Біздің елімізде нотариаттық қызмет ерекше құқықтық сипатқа ие және біздің мемлекетімізде, көптеген басқа елдерде бірыңғай қағидаттар мен стандарттар негізінде жұмыс істейтін жеке құқықтық қатынастарды реттеуші қызметін атқарады, сондықтан нотариат медиацияға назар аударып қана қоймай, медиативтік рәсімдерді белсендіруші рөлін де атқара алады. Сонымен қатар медиация нотариустың өкілеттігінің мәні ретінде латын нотариаты елдерінде таралады, ол нотариустың негізгі қызметін жеке келісімдерге шынайы сипат, ерекше дәлелді және атқарушы күш беру, қоғамдық мүдделерді қорғау ретінде анықтайды. Нотариустың рөлі медиатордың функцияларын едәуір толықтырады және тараптардың позицияларын олардың сенімі арқылы медиация процедурасына жақындату үшін қолданыла алады.

89-94 101
Аңдатпа

Мақала жануарларды жоғары қауіптілік көзі ретінде танудың теориялық және құқық қолдану аспектілеріне арналған. Мақалада «жоғары қауіптілік көзі» ұғымын және жабайы әрі үй жануарларын жоғары қауіптілік көзі ретінде жіктеу мәселесін екіұшты түсіндіру қарастырылады. Ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыбы бойынша шетелдік және ұлттық заңнамаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сот практикасына талдау жүргізілді. Нәтижесінде ұлттық заңнаманың мәселелері мен әртүрлі оқылымдары жарияланып, қазіргі қазақстандық құқық нормаларын жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар берілді. Сондайақ, жұмыста құқықтық тәсілді біріздендіру және жануарды қауіпті объект ретінде құқықтық бағалау критерийлерін ресімдеу қажеттілігіне авторлар назар аударады. Мұндай жануарларды ұстауға мемлекеттік бақылау жүйесі мен иелерінің жауаптылығын сақтандырудың қажеттілігі дәлелденген. Мақала азаматтық және басқа да құқық салаларындағы заңгерлерді, жануарларды қорғаушыларды және қауіптілігі жоғары көздер ұғымына жататын жануарларға тікелей қатысы бар адамдарды қызықтыруы мүмкін.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНОЛОГИЯ

95-103 101
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше жекелеген елдерде жерді өз бетінше басып алу және оны заңсыз сату қылмыстарының криминологиялық аспектілері қарастырылады. Аталған қылмыстардың әлеуметтік, экономикалық және құқықтық себептері, олардың өзіндік ерекшеліктері мен қоғам үшін туындауы мүмкін салдары талданған. Бұл қылмыстардың алдын алу және Қазақстандағы қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленген.

Аталған әрекеттердің алдын алу мен жолын кесуге бағытталған құқық қолдану практикасы шаралары қарастырылған. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері мен Қазақстан арасындағы қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке қатысты заңнамалық ұқсастықтар мен айырмашылықтарға да назар аударылған.

Сонымен қатар, жерді тиімсіз пайдалану мен өз бетімен иемдену жағдайында туындайтын әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері де қарастырылған.

104-111 92
Аңдатпа

Мақалада әскерлердегі қылмыстың деңгейі, құрылымы мен динамикасы талданады. Статистикалық мәліметтер мен криминологиялық зерттеулер негізінде әскери қызметшілер жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарды сипаттайтын негізгі тенденциялар мен заңдылықтар анықталады. Зорлық-зомбылықты қолдануға байланысты әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрылымын зерттеуге ерекше назар аударылады (бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүрлеу, бағыныштыға не бастыққа қатысты зорлық-зомбылық, олардың арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілер арасындағы қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу, билікті асыра пайдалану). Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың динамикасы 2015 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде зерттеледі, оның өзгеруіне әсер ететін факторлар анықталады. Сондайақ, статистикалық мәліметтер мен жеке тұлғаның сипаттамаларын талдау негізінде әскери қызметшіқылмыскердің криминологиялық портреті жасалды.

112-120 103
Аңдатпа

Мақалада жасанды интеллект және чиптеу технологияларының Қазақстанның қылмыстықатқару жүйесі мекемелерінің динамикалық қауіпсіздігіне әсері қарастырылады. Тұтқындардың мінез-құлқын бақылау және талдау үшін жасанды интеллектті қолдануға, сондай-ақ қозғалыстарды анықтау және бақылау үшін чиптеуді енгізуге баса назар аудара отырып, қорғаудың заманауи тәсілдері зерттелді. Қауіпсіздік деңгейін арттыру және оқиғаларға жауап берудің жеделдігі, сондай-ақ құпиялылық пен этика мәселелерін қоса алғанда, ықтимал тәуекелдер сияқты осы технологиялардың артықшылықтары талқыланады. Қорытындылай келе, қауіпсіздікті де, адам құқықтарын да ескеретін технологияларды енгізуге теңдестірілген көзқарас қажет. Бұл үшін, ең алдымен, жасанды интеллект пен чиптеуді пайдалануды көздейтін қауіпсіздік пен мониторингті жақсартудың кешенді тәсілін іске асырудың тиісті нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу талап етіледі.

121-128 92
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар саудасының қазіргі жағдайы, оның жасалу ерекшеліктері және осы қылмыспен күресудің құқықтық және практикалық аспектілері қарастырылады.

Зерттеу барысында авторлар қолданыстағы заңнаманың кәмелетке толмағандар саудасына қатысты нормаларын талдап, құқық қорғау органдарының осы қылмысқа қарсы жүргізіп жатқан іс-шараларына ерекше назар аударады.

Зерттеудің мақсаты – кәмелетке толмағандар саудасына байланысты қылмыстық проблемаларды ашып көрсету және осы қылмыстарды тиімді алдын алу мен күресудің жолдарын ұсыну. Авторлар бұл бағытта заңнаманы жетілдіру және жаңа туған балаларға заманауи технологияларды қолдану арқылы алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап көрсетеді.

Мақала кәмелетке толмағандар саудасы мәселелеріне қызығушылық танытқан ғалымдар мен құқық қорғау саласы қызметкерлеріне және кең оқырманға арналған.

129-137 93
Аңдатпа

Мақала сотқа дейінгі тергеу сатысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық процесінде тараптарды татуластыру институтын талдауға арналған. Қазақстанның қылмыстық-процестік кодексінде күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты қылмыстық істі тоқтату негіздері көзделген, олардың арасында тараптардың татуласуы ерекше орын алады. Бұл институт қылмыстық саясатты ізгілендіруде және жәбірленушілердің өтемақы алу құқығын қамтамасыз ету және сот жүйесіне жүктемені азайту арқылы репрессивтілік деңгейін төмендетуде маңызды рөл атқарады.

Қазақстандағы татуласудың тарихи дамуы қазақтың әдеттегі құқығынан бастау алады және 1959 жылғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінен бастап қазіргі уақытқа дейін заңнамадағы өзгерістер арқылы дамуын жалғастыруда. Қазақстанның қазіргі заманғы қылмыстық заңнамасы халықаралық тәжірибені көрсетеді, бірақ өзінің ұлттық ерекшеліктерін сақтайды.

Мақалада салыстырмалы-құқықтық әдіс қолданылды, соңғы бес жылдағы (2020-2024 ж.) қылмыстық істерді тоқтату бойынша статистикалық деректер пайдаланылды. Авторлар татуласу институтының артықшылықтары мен кемшіліктерін талдайды, оның құқықтық механизмін жетілдіру жолдарын ұсынады және қазақстандық құқықтық жүйеге бейімделуі мүмкін шетелдік модельдерді қарастырады.

138-145 86
Аңдатпа

Бұл мақалада жәбірленушінің жеке мүліктік емес құқықтарына, атап айтқанда өмір сүру және денсаулық құқығына зиян келтіруге келісімінің қылмыстық жауаптылығына ықпал ету мәселелері қарастырады. Мақалада жәбірленушінің қылмыс деп танылуы мүмкін әрекеттерге келісуінің заңды салдары, заңсыз әрекеттің ауырлығына әсер ететін немесе қылмысты жоятын сот практикасына талдау жүргізумен қарастырылады. Автор іс-әрекеттің әлеуметтік қауіптілігі мен жәбірленушінің жеке құқықтарын ескерудің маңыздылығын көрсете отырып, құқықтық тәжірибедегі бар олқылықтарды зерттейді. Әлеуметтік-этикалық нормалардың, сондай-ақ халықаралық тәжірибенің келісімі мен қылмыстық жауаптылық мәселелері талданады. Ғылыми ізденіс нәтижесінде жәбірленушінің ұстанымын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықты саралаудың проблемалық тұстары көрсетіледі және жәбірленушінің қылмыстық құқықтағы келісімі мәселелерін реттеу туралы ұсыныстар әзірленді.

146-154 87
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты Қылмыстық заңның 234-бабының жаңартылған редакциясын ескере отырып, экономикалық контрабанданы саралаудың кейбір мәселелерін заңға және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес зерттеу болып табылады. Зерттеу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткiзу не Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуге тыйым салу немесе шектеу белгіленген тауарларды немесе өзге де заттарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізудің құқық бұзушылық құрамын дұрыс саралау болып табылады. Мақалада экономикалық контрабанданы саралаудың теориялық және тәжірибелік ерекешеліктерін, заңға жаңадан енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша кейбір мәселелер ашып көрсетілді. Экономикалық контрабанданы зерттеу кезінде, оның дұрыс саралануын ғана емес, сондай-ақ қылмыстыққұқықтық норманы дұрыс қолдану бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін талдап, экономикалық контрабанда қылмысын саралаудың кейбір мәселелері анықталды.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС

155-162 99
Аңдатпа

Мақалада әуе кемесінің апатқа ұшырау орнында шашылған қалдықтарының сызбаларын жасау әдістемесі қарастырылады. Бұл авиациялық оқиғаларды тергеген кезде нысандарды тіркеудің және іздерді бекітудің негізгі тәсілі болып табылады. Автор сызбаларды дайындау мен жасаудың кезеңдерін егжей-тегжейлі сипаттайды: масштабты таңдау, координаттық тор қолдану, қашықтықтарды өлшеу әдістері және бөлшектердің орнын GPS құрылғылары арқылы белгілеу. Әуе кемесінің ұшуда және жерде қирауы кезіндегі сызбаларды құру ерекшеліктері қарастырылады, әрбір элементті дәл бейнелеудің кейінгі талдау үшін маңыздылығы атап өтіледі. Өлшеу құралдарын қолдану, сызбаларды ресімдеу және оларды тергеу актісінде пайдалану бойынша ұсынымдар беріледі. Бұл жұмыс әуе кемесі қалдықтарының көзбен көріп тіркеудің себептерді анықтау мен қирау барысын қалпына келтірудегі маңызын көрсетеді.

163-168 88
Аңдатпа

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің қылмыстық-процестік заңнамасы қылмыстық істі сотқа беру сатысында қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану тәртібін регламенттейді. Азаматтардың бостандыққа кепілдік берілген конституциялық құқықтарын шектеудің кейбір мәселелері Өзбекстан мен Қазақстанның процестік кодекстерінде әртүрлі түсіндіріледі. Автор сотталушының қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотқа беру кезінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту құқығын сақтауға қатысты аталған елдердің қылмыстық процестік заңнамасына салыстырмалы зерттеу жүргізді, азаматтардың бостандық құқығын қамтамасыз ету үшін кейбір шешімдер мен нақты ұсыныстар берді.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

169-178 1293
Аңдатпа

Бұл зерттеу халықаралық құқықты дамыту тұрғысынан Каспий өңіріндегі табиғат қорғау проблемаларына арналған. Мақала ерекше физикалық-географиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары бар, бірегей су айдыны – Каспий теңізін қорғаудың құқықтық мәселелеріне арналған. Мақалада Каспий өңірінде халықаралық және ұлттық деңгейлерде Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғау тетіктерін қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеудің қазіргі заманғы проблемаларына сипаттама беріледі. Қазіргі таңда Каспий теңізінің экожүйесін қорғау өзекті, себебі бұл су айдыны тұйық болып табылады және жоғары антропогендік жүктемені бастан кешіріп отыр.

Теңіз қайраңындағы көмірсутек ресурстарын қарқынды өндіру көбінесе ауқымды ластануға әкеледі, бұл фаунаның бірегей түрлеріне, соның ішінде маңызды коммерциялық маңызы бар бекіре тұқымдас балықтарға айтарлықтай зиян келтіреді. Ластанумен күресу шараларының тиімділігі Каспий маңы мемлекеттерінің ісәрекеттерін үйлестіру үшін халықаралық құқықтық базаның жеткіліксіздігінен қиындап отыр.

Авторлар мақалада Каспий теңізінің құқықтық реттелуін белгілейтін бір қатар құқықтық актілер мен конвенцияларды зерттеп, өз ұсыныстарын береді. Сонымен бірге, «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы» Конвенцияға тоқталып, басқа да халықаралық құжаттармен салыстырма жасады.

179-186 97
Аңдатпа

Бұл зерттеу цифрлық трансформация процестері контекстінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге қатысты ақпаратты құқықтық реттеу мәселелерін талдауды ұсынады. Зерттеу жұмысы осы саладағы отандық және шет елдік зерттеушілердің ғылыми жұмыстарын зерттеуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер туралы ақпаратты цифрландыруды құқықтық реттеу саласында шет елдерде қолданылатын тәжірибелерді талдауға негізделген.

Нақты мақалада жер ресурстарын пайдалануды оңтайландырудың және заманауи цифрлық жүйелерді қолдана отырып, аграрлық өндірісті басқаруды жетілдірудің маңыздылығының артуы атап өтіледі. Авторлар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану процестерін оңтайландырудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін интерактивті картаны әзірлеуді ұсынады.

Зерттеудің мақсаты – цифрлық трансформация жағдайында ауыл шаруашылығында пайдалануға арналған жер учаскелері туралы ақпаратты нормативтік құқықтық реттеуді жетілдірудің мүмкін жолдарын анықтау.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚ

187-194 105
Аңдатпа

Мақала ҚХР-дың тәркілеу саласындағы құқықтық жүйесін және заңсыз сатып алынған активтерді қайтару механизмін зерттеуге арналған. Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің ережелерін қоса алғанда, қазіргі заманғы нормативтік-құқықтық негіздер, сондай-ақ оларды сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмыстарға қарсы күресте қолдану практикасы қаралады. Ғылыми зерттеу шеңберінде активтерді қайтару рәсімдерін жеделдету үшін құқық бұзушылардың құқық қорғау органдарымен ерікті ынтымақтастығын ынталандыратын инновациялық модель болып табылатын

«Цюаньфан» әдісіне ерекше назар аударылды. «Цюаньфан» әдісі жоғары тиімділікті көрсете отырып, қылмыстық іс жүргізу мен халықаралық ынтымақтастық элементтерін біріктіреді. Ғылыми мақалада уақыт пен қаржылық шығындарды азайтуды, дәлелдеу процедураларын жеңілдетуді және сот жүйесіне жүктемені азайтуды қоса алғанда, осы тәсілдің артықшылықтарына назар аударылады. Сонымен қатар, мақала аясында азаматтық-құқықтық тетіктерді қолданудың шектеулілігі және дәлелдеу стандарттарын жаңғырту қажеттілігі сияқты кемшіліктер анықталды, бұл ҚХР құқықтық базасын одан әрі жетілдіруді талап етеді. Мақала ұлттық құқықтық жүйені нығайтуға және мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға ықпал ететін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру үшін ҚХР-ның тиімді тәжірибелерін бейімдеу мүмкіндігіне назар аударады.

195-204 87
Аңдатпа

Авторлар кейбір аймақтық халықаралық ұйымдарда заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтарудың құқықтық аспектілерін қарастырады. Мақала заңсыз шығарылған активтерді қайтарудың халықаралық тәжірибесін талдауға арналған, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізу мүмкіндігіне ерекше назар аударады. Тақырыптың өзектілігі Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіру қажеттілігімен, соның ішінде 2023 жылдың 12 шілдесінде қабылданған «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңымен, сондай-ақ трансұлттық қылмыстылықтың жаһандық қауіпімен байланысты. Авторлар Еуропалық Одақ мен Еуропа Кеңесі әзірлеген құқықтық және институционал дықтәсілдерді, соныңішінде тәркілеу және халықаралық ынтымақтастық тетіктерін талдайды. Зерттеудің жаңалығы ЕО-ның ішкі құқықтық актілері мен ЕК шеңберінде қабылданған халықаралық шарттардың активтерді қайтаруға байланысты қызметін реттейтін ережелерін егжей-тегжейлі құқықтық талдауында көрінеді. Нәтижелер арнайы құрылымдардың рөлін және шекаралық ынтымақтастықты жеделдету үшін процедураларды үйлестірудің маңыздылығын атап өтеді. Негізгі қорытынды – ЕО мен ЕК тетіктерін енгізу Қазақстанға активтерді жоғалту тәуекелін азайтуға, құқық қолдануды нығайтуға және халықаралық стандарттарға сәйкестікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

205-214 95
Аңдатпа

Мақалада сыбайлас жемқорлық арқылы алынған, ұрланған активтерді қайтарудың қазіргі заманғы халықаралық тетіктері, сондай-ақ Қазақстанның осы процеске қатысуы қарастырылады. Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы екіжақты шарттар талданады, олар дәлелдемелер жинау, қылмыстық кірістерді анықтау, оларды қамауға алу және кейіннен тәркілеу сияқты шараларды қамтиды. Қазақстанның АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Үндістанмен жасалған шарттарына салыстырмалы талдау жүргізілді, құқықтық көмек көлемінде, тәркілеу тәртібінде және үшінші тұлғалардың құқықтарын қорғауда айырмашылықтар анықталды. Активтерді табысты қайтару тәжірибесі, оның ішінде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық және бейресми байланыс арналарын пайдалану арқылы қамтылған. Шетелдік құқық қорғау органдарымен бейресми арналар арқылы өзара іс-қимыл (CARIN, Egmont, ARIN-AP және т.б. сияқты) активтерді қайтару бойынша әрекет етудің жеделдігін арттырады деген қорытынды жасалады. Сыбайлас жемқорлық және қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін ұлттық заңнаманы және халықаралық өзара іс-қимылды жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.



ISSN 2518-7252 (Print)
ISSN 3079-4609 (Online)