ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ КЕЛІСУ РӘСІМДЕРІНІҢ ТАҢДАУЛЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
https://doi.org/10.52425/25187252_2024_31_11
Аңдатпа
Мақалада 2021 жылдың 1 шілдесінде күшіне енген Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI-ЗРК Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану кезіндегі әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік іс жүргізудің жекелеген ерекшеліктері қарастырылған. Мақаланың мақсаты – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде жария-құқықтық дауларды шешудегі әкімшілік рәсімдердің, әкімшілік іс жүргізудің және бітімгершілік рәсімдердің ерекшеліктерін зерделеу, сондай-ақ оны қолданудың жекелеген проблемалық мәселелерін талдау. Зерттеуде танымның жалпы ғылыми және арнайы құқықтық әдістері қолданылды. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларының енгізілуімен мемлекеттік органдардың ішкі және сыртқы әкімшілік рәсімдерді де жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ әкімшілік органның немесе оның қатысуымен жария-құқықтық дауларды шешу бойынша әкімшілік іс жүргізу оңтайландырылды. Мақалада соттардың жария-құқық дауларды шешу кезінде бітімгершілік рәсімдерін пассивті, бастапқы кезеңде, жария-құқықтық дауларды шешу кезінде татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері қозғалады. Бақылаушы мемлекеттік органдардың тыйым салу және шектеу шараларын қолдану туралы сотқа талап-арыздарды беру тәжірибесін негізге ала отырып, осы санаттағы істерді қарауды Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне ауыстыру ұсынылады.
Автор туралы
Ә. И. КариповаҚазақстан
Әсел Исенкелдіқызы Карипова – «Тұран-Астана» университетінің ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Астана қ.
Әдебиет тізімі
1. R. Schmidt. Allgemeines Verwaltungsrecht – 12. Auflage, 2008 – 375 p. [Electronic resource] – Access mode: https://beckassets.blob.core.windows.net/product/readingsample/246641/9783866510722_excerpt_001.pdf (Access data: 05.01.2024).
2. Jestaedt, Matthias. «Maßstäbe des Verwaltungshandelns». Allgemeines Verwaltungsrecht: Mit Jura-Kartei (JK) auf CD-ROM, edited by Hans-Uwe Erichsen and Dirk Ehlers, Berlin, New York: De Gruyter, 2010. – Pp. 329-378 [Electronic resource] – Access mode: https://doi.org/10.1515/9783899498509.329 (Access data: 05.01.2024).
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Карипова Ә.И. ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ КЕЛІСУ РӘСІМДЕРІНІҢ ТАҢДАУЛЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ. Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы. 2024;(1 (31)):11-18. https://doi.org/10.52425/25187252_2024_31_11
For citation:
Karipova A.I. SPECIFIC FEATURES AND ISSUES OF CONCILIATION PROCEDURES IN ADMINISTRATIVE PROCEEDINGS. Bulletin of the Law Enforcement Academy. 2024;(1 (31)):11-18. (In Kazakh) https://doi.org/10.52425/25187252_2024_31_11
JATS XML

