Preview

Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы

Кеңейтілген іздеу

КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ҚОРЫТЫНДЫЛАР

https://doi.org/10.52425/25187252_2026_41_188

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада электрондық үкімет технологияларын пайдалану және олардың консулдық қызметтер көрсету саласына ықпалы қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – консулдық қызметке цифрлық құралдарды енгізудің халықаралық тәжірибесін зерделеу және оның Қазақстан Республикасында қолдануға болатын бағыттарын айқындау. Салыстырмалы талдау, нормативтік-құқықтық құжаттарды зерделеу және кейс-стади әдісі негізінде Эстония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия және Америка Құрама Штаттарының консулдық және визалық рәсімдерді цифрландыру тәжірибесі қарастырылады. Жүргізілген талдау цифрлық трансформацияның негізгі бағыттары ретінде электрондық визаларды енгізуді, биометриялық сәйкестендіруді және өтініштерді көпдеңгейлі автоматтандырылған электрондық өңдеуді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Мақалада халықаралық тәжірибе аясында Қазақстандағы консулдық қызметтерді цифрландырудың қазіргі жай-күйі қарастырылып, осы саладағы олқылықтар айқындалады. Зерттеу нәтижесінде елдің институционалдық мүмкіндіктерін, қолданыстағы құқықтық базаны және геосаяси факторларды ескере отырып, консулдық қызметті цифрландырудың ұлттық стратегиясын қалыптастыруға бағытталған кезең-кезеңімен іске асырылатын ұсынымдар жасалады.

Авторлар туралы

С. Н. Сәрсенова
«Астана» халықаралық университеті
Қазақстан

Сания Нұржанқызы Сәрсенова – Құқық жоғары мектебінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты

Астана қ. 



Ә. Е. Ибраева
«Астана» халықаралық университеті
Қазақстан

Әйгерім Ерғалиқызы Ибраева – Құқық жоғары мектебінің доценті, философия докторы (PhD)

Астана қ. 



Әдебиет тізімі

1. Синчук, Ю.В. Перспективы и возможности цифровой дипломатии / Ю.В. Синчук, Т.В. Каширина // Журнал политических исследований. – 2021. – № 2. – С. 35-41.

2. Abbas, А. Digital Diplomacy and its Impact on International Relations: A Case Study of USA’s Digital Diplomacy / A. Abbas // Dirasat Human and Social Sciences. – 2025. – № 52 (6). – Pp. 1-13.

3. Małkowska, А. The impact of digital transformation on European countries: insights from a comparative analysis / А. Małkowska, М. Urbaniec, М. Kosa // Equilibrium. Quarterly Journal of Economics and Economic Policy. – 2021. – № 16 (2). – Pp. 325-355.

4. Hashimova, E. The theoretical basis of the formation of e-government / E. Hashimova // Scientific work. – 2021. – № 65 (04). – Pp. 157-159.

5. Charalabidis, Y. The Three Generations of Electronic Government: From Service Provision to Open Data and to Policy Analytics / Y. Charalabidis, et al. // The Three Generations of Electronic Government. – 2019. – № 36 (2). – Pp. 3-17.

6. Bhat, J. Augmenting the Public Sector Workforce with AI Assistants and Intelligent Automation / J. Bhat // International Journal of Artificial Intelligence Data Science and Machine Learning. – 2025. – № 6 (4). – Pp. 162-171.

7. Amirova, A. Development of citizen-oriented public services in Kazakhstan: legal, institutional and digital aspects of management / A. Amirova // Frontiers of Political Science. – 2025. – № 7. – Pp. 1-18.

8. Kireyeva, A.A. Digital Transformations to Improve the Work and Distribution of the State Scholarships Programs March / A.A. Kireyeva, Z. Kalymbekova, V. Lakhonin // Journal of Distribution Science. – 2019. – № 17 (3). – Pp. 41-47.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Сәрсенова С.Н., Ибраева Ә.Е. КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ҚОРЫТЫНДЫЛАР. Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы. 2026;(3 (41)):188-197. https://doi.org/10.52425/25187252_2026_41_188

For citation:


Sarsenova S.N., Ибраева А.Е. DIGITAL TRANSFORMATION OF CONSULAR SERVICES: INTERNATIONAL PRACTICE AND LESSONS FOR THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. Bulletin of the Law Enforcement Academy. 2026;(3 (41)):188-197. https://doi.org/10.52425/25187252_2026_41_188

Қараулар: 65

JATS XML


ISSN 2518-7252 (Print)
ISSN 3079-4609 (Online)