Preview

Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (29) (2023)
Шығарылымды жүктеу PDF

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

8-17 94
Аңдатпа

Мaқaлaдa Қaзaқстaн Рeспубликaсындaғы жәнe шeт eлдepдeгі әкімшілік сoттapдың құзыpeті мәсeлeлepі қapaстыpылaды. Нeгізгі нaзap Қaзaқстaн Рeспубликaсындa әкімшілік сoт ісін жүpгізудің epeкшeліктepін aнықтaуғa aудapылaды.

Ғылыми жaңaлық – әкімшілік сoттap мeн әкімшілік сoт ісін ұйымдaстыpудың нeгізгі пpинциптepін зepттeу. Автop әpбіp aзaмaт, eгep oның зaңды құқықтapы бұзылғaн жaғдaйдa, тәуeлсіз жәнe бeйтapaп сoттың aқылғa қoнымды мepзімдe істі әділ жәнe жapия тaлқылaуғa құқығы бap дeгeн қopытындығa кeлді.

Мaқaлaдa зepттeудің сaлыстыpмaлы әдісі нeгізіндe Қaзaқстaн Рeспубликaсындaғы, жaқын және aлыс шeт eлдepдeгі әкімшілік сoттapдың құзыpeтінe қысқaшa шoлу жaсaлды. Сoндaй-aқ, әкімшілік пpoцeстің aзaмaттық сoт ісін жүpгізудeн нeгізгі aйыpмaшылықтapы aнықтaлды. Aвтopдың пікіpіншe, Әкімшілік пpoцeдуpaлap институты, әсіpeсe әкімшілік-құқықтық дoктpинaдa әлі дe aз зepттeлгeн пpинциптepді тaлдaу epeкшe өзeкті бoлып тaбылaды.

Осылaйшa, әкімшілік сoттapдың құзыpeті туpaлы мәсeлe aзaмaттapдың сoт төpeлігінe қoл жeткізуін қaмтaмaсыз eтeтін шapт peтіндe әкімшілік сoт ісін жүpгізу қaғидaттapын сaпaлы қaмтaмaсыз eтумeн тығыз бaйлaнысты.

АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

18-28 94
Аңдатпа

Мақала авторларымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу қызметін реттейтін заңнамасындағы экологиялық критерийлерге шолу жасалынып, мемлекеттік «жасыл» сатып алу концепциясын заңнамалық қамтамасыз ету деңгейіне талдау жасалынған. Экологиялық талаптарға сай тауарлар мен қызмет түрлерінің артықшылық алу мүмкіндіктерінің іс жүзінде жүзеге асуы бағаланады.

Отандық заңнамамен қатар Еуропа елдеріндегі «жасыл» мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тетіктері талқыланған. Еуропалық Одақ мемлекеттерінде қол жеткізілген үздік тәжірибеге ерекше мән беріліп, олардың елімізде қолданылу мүмкіндіктері қарастырылған, заңнаманы жетілдіру бағытындағы ұсыныстар берілген.

Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму қағидаттарына негізделген мемлекеттік саясаттың маңыздылығын ескере отырып, авторлар жаңа дефиницияларды енгізуді ұсынады және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада «жасыл» мемлекеттік сатып алу тетіктерін енгізу жолдарын қарастырады.

Сонымен қатар «жасыл» мемлекеттік сатып алу институтының елімізде толыққанды қолданысқа енуі үшін қажет өзгерістер тек мемлекеттік сатып алу қызметін реттейтін нормативтік актілерді ғана емес, сонымен қатар тұрақты мемлекеттік сатып алулар, жасыл экономикаға көшу мен экологиялық таңбалау бағыттарындағы заңнамаларды жетілдірумен бірге жүруі тиіс деген қорытынды жасалынады.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНОЛОГИЯ

29-37 89
Аңдатпа

Жоғарыда келтірілген мақалада авторлар пробация қызметінің бақылауындағы сотталғандарға қатысты пробация қызметінің электрондық бақылау құралдарын пайдалануының құқықтық аспектілеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізді. Бұл процесті заңнамаға және құқық қолдану практикасына сәйкес реттеуге ерекше назар аударылды. Авторлар электрондық бақылау құралдарын пайдалану бойынша заңнамалық регламенттеу мен құқық қолдану қызметінің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ электрондық бақылау құралдарын заңнамалық реттеуді жақсарту бойынша одан әрі ұсынымдарды ашады. Инновациялық және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, құқық бұзушылықтардың кез келген түрлерімен күресудің және олардың алдын алудың тәсілдері мен әдістерін одан әрі арттыру, заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, сотталғандар жасаған кез келген құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр

38-49 111
Аңдатпа

Автор ұсынған мақалада ұлттық Қылмыстық-атқару жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мәселелері қарастырылған.

Қазақстанның осы саладағы Тәуелсіздік кезеңіндегі барлық қадамдары мемлекеттің жаңа пенитенциарлық саясатты қалыптастыруға және дамытуға деген ұмтылысын дәйекті түрде көрсеткеніне қарамастан, ҚАЖ-ның жұмыс істеуін, сотталғандар мен қамаудағы адамдардың құқықтарын сақтауды, автор жүргізген сараптамалық материалдарды талдау мемлекеттің және азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін талап ететін проблемалардың кешенін көрсетті, оның ішінде: «түрме тұрғындарының» өсуі; ҚАЖ комитетінің жүйелі түрде қаржыландырылмауы; жазалау мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін кері реакцияға әкеп соқтыратын сотталғандармен жұмыс істеудің ескірген әдістері; сотталғандардың тиісті әдіснамалық қамтамасыз етілмейтін әлсіз әлеуметтік реинтеграциясы; азаматтардың ҚАЖ қызметіне кіруінің төмен уәждемесі және қылмыстық субмәдениет тасымалдаушыларына және контингенттің радикалды көзқарастарына психологиялық деңгейде қарсы тұруға мүмкіндік бермейтін әлсіз идеологиялық даярлық.

Отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін, пенитенциарлық сарапшылар мен құқық қорғаушылардың ұсыныстарын, ІІМ ҚАЖ Комитеті, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнідегі комитеті қызметінің есептік және статистикалық материалдарын зерделеу,сондай-ақ посткеңестік және еуропалық елдердің тәжірибесін жинақтау негізінде анықталған көптеген мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірленді.

50-57 89
Аңдатпа

Мақала шетелдік мемлекеттердің заңнамасындағы жаппай тәртіпсіздіктер субъектілерінің қылмыстық жауапкершілігін саралау мәселелерін зерттеуге арналған. Шетелдік тәжірибені зерттеу заңгерге жаңа көкжиектер ашады және оған өз елінің құқығын жақсы білуге мүмкіндік береді. Авторлар қоғамдық тәртіпті бұзған жаппай тәртіпсіздіктер үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін шет елдердің қылмыстық заңнамасына салыстырмалы талдау жүргізеді. Мақалада жаппай тәртіпсіздік субъектілерін шетелдердің заңнамасы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесінің өзектілігі айтылады. Авторлар зерттелетін елдердің заңнамасында қылмыс субъектісінің жасы бірдей емес деген қорытынды жасайды. Бұл зерттеу шетелдердегі қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың тиімділік деңгейін талдауға мүмкіндік береді. Авторлар жаппай тәртіпсіздіктер барлық мемлекеттерде қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс ретінде танылады деген қорытынды жасайды.

58-66 95
Аңдатпа

Мақала сотталғандарды түзетудің қазіргі механизмін құқықтық реттеу мен қолдану тәжірибесін талдауға арналған. «Сотталғандарды түзету» ұғымы қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығы тұрғысынан қаралады. Сотталғандарды түзету тетігінің проблемалық аспектілерін теориялық зерттеу барысында сотталушының мінез-құлқын бағалаудың заңнамалық бекітілген өлшемдеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қылмыстық-атқару заңнамасында белгіленген сотталғандарды түзету құралдары қаралды, олардың арасында «оң әлеуметтік байланыстарды қолдау» сияқты жаңа құрал назар аударуға лайық. Нәтижесінде оң мінез-құлықты бағалаудың заңнамалық белгіленген критерийлері Қазақстан Республикасының қылмыстық-түзеу жүйесінің түзеу мекемелеріндегі нақты жағдайды көрсетпейтіні туралы, сондай-ақ сотталғандарды түзетудің «оң әлеуметтік байланыстарды қолдау» сияқты құралын басқасына – көрсетілген байланыстарды қолдау да қамтитын «сотталғандармен әлеуметтік жұмыс» деп ауыстырудың орындылығы туралы қорытындылар жасалды.

67-75 104
Аңдатпа

Мақала «фишинг» жасау кезінде алынған үшінші тұлғалардың дербес деректерін (банктік шоттар мен карталардың деректемелері, CVC-кодтар және т.б.) пайдалану арқылы интернет желісі және техникалық жетістіктер арқылы жасалатын жымқыруларды саралау мәселелерін қарауға арналған. «Фишинг» ұғымының мәні ашылады және қарастырылып отырған жолмен алынған деректерді интернет алаяқтық жасау үшін де, интернет-ұрлық жасау үшін де пайдалануға болатын жағдайлар қарастырылады. Дербес деректерді алу фактісі мен ақша қаражатын жымқыру арасында белгілі бір уақыт өтуі мүмкін, оны іс әрекетті саралау кезінде ескеру қажет. Автор зерттелетін мәселелер бойынша әдеби дереккөздерді талдау және құқық қолдану практикасының тәжірибесін зерттеу негізінде қарастырылып отырған іс-әрекеттерді саралауға байланысты проблемалық мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС

76-83 87
Аңдатпа

Мақала азаматтардың жекелеген санаттарын чиптеудің негізділігі, заңдылығы мен орындылығы туралы өзекті мәселеге арналған. Зерттелетін тәжірибесі бар шет мемлекеттердің мысалында бұл мәселенің оң және теріс жақтары терең әрі жан-жақты талданады.

Чиптеу мәселесі бойынша жарияланған жұмыстардың ғылыми пікірталасы ұсынылды, өзіндік көзқарас келтіріліп, қорытындылар жасалды. Цифрландыру құралдарының бірі криптографиялық ақпаратты (деректерді) беру арнайы чиптерді материалдық объектілердің құрылымына біріктіру арқылы жүргізілетініне назар аударылды. Мақаланың негізгі түйіні – SWOT талдауына (ұйымның ішкі және сыртқы ортасының факторларын анықтаудан және оларды төрт санатқа бөлуден тұратын стратегиялық жоспарлау әдісі) негізделген зерттеу мәселесінің тиімді және әлсіз жақтарын көрсету.

Теориялық және/немесе практикалық құндылығы бар ұсыныстар, қылмыстарға қарсы тұруға бағытталған. Мақала криминалистикалық техника, қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы, қылмыстардың жекелеген түрлерін (топтарын) тергеу әдістемесі мәселелеріне қызығушылық танытатын адамдарға, сондай-ақ оқырмандардың кең ауқымына арналған.

84-92 85
Аңдатпа

Мақалада сот-медициналық сипаттаманың тәуелсіз элементтері ретінде халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы құжаттарды қолдан жасаумен байланысты қылмыстардың іздік көрінісінің ерекшеліктері қарастырылған.

Ғылыми-техникалық революцияның қазіргі кезеңіндегі криминалистикалық техниканың дамуын ескере отырып, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың адам қызметінің барлық салаларында интеграциялануына байланысты ақпараттандыру мен қылмысты техникаландырумен қатар, қарастырылып отырған қылмыс түрін тергеу кезінде цифрлық іздер сияқты салыстырмалы түрде жаңа іздердің пайда болу механизміне ерекше назар аударылады. Ғалымдардың «цифрлық іздер» ұғымына ғылыми көзқарастары талданды, автордың осы анықтамаға қатысты ұстанымы білдірілді, «цифрлық іздік ақпараттың» түрлері және олардың көздері қарастырылды.

Халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы құжаттарды бұрмалаумен байланысты қылмыстарды тергеу кезінде бөлінген ерекшеліктерді пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар берілді

93-102 102
Аңдатпа

Қылмыстық әлемнің сын-тегеуріндеріне заманауи және тиімді ден қою құқық қорғау органдарынан жұмыста жаңа, пәрменді әдістерді қолдануды талап етеді. Бүгінгі таңда бұл қызметтегі бағыттардың бірі – іздеу-барлау сипатындағы ақпараттық-аналитикалық жұмыс болуы мүмкін. Мақалада жедел-іздестіру қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттілігі туралы айтылады, осыған байланысты телекоммуникациялық желілер мен жүйелердің мониторингіне бағытталған жалпы жедел іздестіру іс-шараларының тізбесін кеңейту ұсынылады. Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың жоғары криминогендік әлеуетіне байланысты Интернеттің жасырын сегменттерін бақылаудың мұндай жүйелері өте перспективалы болуы мүмкін. Сонымен бірге қызығушылық танытқан адамдар мен фактілер туралы ақпаратты іздеу және жинау жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырудың нақты әдістемелерінің болмауына байланысты айтарлықтай қиындықтармен байланысты, бұл осы қызметті дамытудың ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін талап етеді

103-112 99
Аңдатпа

Бұл мақалада автор қылмыстық істер бойынша тергеулікті белгілеудің кейбір мәселелерін қарастырып, қылмыстық процесте орын алатын проблемалы мәселелерді көрсетеді. Отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектеріндегі қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеу жүргізу және анықтау бойынша тергеулікті белгілеудің критерийлері зерттеліп, қылмыстық істердің тергеулігін реттейтін нормативтік нұсқамалар жүйесінен қылмыстық істің екі белгісін құрайтын жалпы тергеулік ережесі ұсынылады. Оған қоса автор статистикалық мәліметтерді талдап, тергеулікті белгілеу саласындағы жай-күйді сипаттайды. Сонымен бірге тергеулікті, оның ішінде баламалы тергеулікті белгілеуде прокурордың өкілеттілігі сипатталады. Аталған мәселені нормативтік реттейтін ҚПК-нің тиісті нормалары зерделеніп, прокурордың айрықша тергеулігі реттелетін нормалар сыналады. Қорыта келе, тергеулікті белгілеудің оңтайлы ережесі тұжырымдалып, аталған мәселені шешудің жолдары ұсынылады.

113-120 109
Аңдатпа

Арнайы білімді тасымалдаушылардың қылмыстық іске қатысуын нормативтік-құқықтық реттеу осы іс бойынша дәлелдемелік мәселелерді шешуге бағытталған. Ресей мен Қазақстан үшін ортақ кеңестік және осы міндеттерді шешудің салыстырмалы түрде әр түрлі посткеңестік тәжірибесі екі мемлекеттің ең жаңа қылмыстық іс жүргізу заңдарында ішінара ұқсас, ішінара біршама басқаша шешілетін заң шығару мен құқық қолданудың, оның ішінде сарапшы мен маманның іс жүргізу мәртебесін айқындаудың ұқсас мәселелерін анықтауға мүмкіндік берді. Жалпыға ортақ нәрсе – көптеген шетелдік құқықтық жүйелерге тән емес арнайы білім тасымалдаушылардың ісіне қатысу үшін екі процессуалдық көрсеткіштің сақталуы. Мақалада кеңес дәуірінде сөзсіз деп саналатын сарапшы мен маман мәртебесінің негізгі демаркациялық критерийлері – зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелері бойынша тек сарапшылар қорытынды беру фактісі – қазіргі жағдайда салыстырылған екі заңның да өзектілігін жоғалтқаны дәлелденді.

Мұндай саралаудың жалғыз критерийі – сарапшының іс жүргізу мәртебесінің пайда болуының негізі ретінде сот сараптамасын тағайындаудың таза процедуралық – заңды фактісі сақталды. Қылмыстық процестің екі ұлттық жүйесінде де білімді адамдардың екі іс жүргізу мәртебесін сақтаудың орынсыздығы туралы түпкілікті қорытынды жасалады.

ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

121-130 99
Аңдатпа

Бұл мақалада АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жүргізілген мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін далалық зерттеу нәтижелері көрсетілген. Жұмыста келесі зерттеу әдістері қолданылды: дискурс талдау, бақылау және АҚШ-та тұратын респонденттермен, кездейсоқ таңдалған иммигранттармен стандартталмаған еркін сұхбат, визуалды бақылау.

Зерттеу барысында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік мәртебесі талданады, қызмет саласын таңдаудағы әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаттың маңызы мен рөлі, мемлекеттік қызметке қатынасы, мемлекеттік сектор кадр құрамының проблемалары мен қиындықтары көрсетіледі.

Авторлар мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік мәртебесіне қызметкердің әлеуметтік жағдайын субъективті өзін-өзі қабылдауы әсер етеді және мемлекет қабылдаған әлеуметтік қолдау мен қорғау шараларына қарамастан, мемлекеттік қызметтің беделін төмендету үрдісі тұрақты түрде өсуде деген қорытындыға келді. Әлеуметтік мәртебені анықтауда материалдық-экономикалық жағдайдың маңызы артып келеді.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

131-141 76
Аңдатпа

Бұл ғылыми мақала ішкі істер органдарында басқарушылық шешімдер қабылдау процесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық аспектісін зерттейді. Авторлар қабылданған шешімдердің тиімділігін бағалау үшін пайдаланылуы мүмкін критерийлерді, соның ішінде олардың заңнамаға сәйкестігін, мүдделі тараптардың қанағаттану деңгейін және қойылған мақсаттарға қол жеткізуді талдайды. Авторлар ішкі істер органдарында басқарушылық шешімдерді тиімді қабылдау үшін жоғарыда аталған барлық аспектілерді ескеру және қоғамдық мүдделерге назар аудару қажет деген қорытындыға келеді. Ішкі істер органдарында басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде заңнаманы сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Ішкі істер органдарында басқару шешімдерін қабылдау процесін жақсартуға көмектесетін заманауи технологиялар мен құралдар талқыланады. Қабылданған басқарушылық шешімнің дұрыстығы көбінесе белгіленген мақсаттың дәлдігіне және белгілі бір жағдай алдындағы шешілетін міндеттерге байланысты, бұл сайып келгенде жеке бөлімшенің де, тұтастай алғанда құқық қорғау жүйесінің де қызметіне жағымды әсер етеді. Мақала ішкі істер органдарындағы басқару шешімдерін қабылдау процесін зерттеуге маңызды үлес болып табылады және құқық қорғау және басқару саласында жұмыс істейтін мамандар үшін пайдалы болуы мүмкін.

142-150 93
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама талданады. Зерттеу қосымша назар аударуды және заңнаманы одан әрі өзгертуді қажет ететін бірнеше саланы анықтады. Біріншіден, «экстремизм» ұғымын қазіргі түсінудің жеткіліксіздігі анықталды, «экстремизм» терминінің тұжырымдамасы мен түсіндірмесін нақтылау, сондай-ақ осы ұғымды кеңейту қажет. Екіншіден, мақалада «деструктивті діни ағымдар» ұғымын енгізу ұсынылатын «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасын қарау қажеттілігі туралы айтылады. 2013-2017 және 2018-2022 жылдар кезеңінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар талданады және қаралады, бағдарламалардың тиімділігі, негізгі жетістіктері мен кемшіліктері жарияланады, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік-қоғамдық өзара іс-қимылдың маңыздылығына назар аударылады. Мақалада Экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың орындалуын прокурорлық қадағалауды күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы деңгейінде арнайы бұйрық қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныс ұсынылады. Бұл діни экстремизмге қарсы іс-қимылда мемлекеттік билік пен қоғамдық ұйымдардың барлық деңгейлерінің іс-әрекеттерін тиімдірек және келісілген үйлестіруге мүмкіндік береді.

151-157 102
Аңдатпа

Қазіргі тәжірибеге сүйене отырып, терроризмді болжауда және онымен күресте жасанды интеллекттің шешуші маңыздылығын байқауға болады. Бұл дағдарысқа қарсы шараларды қолдану әдістері мен дәрежесін анықтауда маңызды рөл атқарады. Бұл мақалада діни экстремизм мен терроризмді болжау мен оған қарсы күресте жасанды интеллектті қолданудың халықаралық тәжірибесі мен қазіргі жағдайы талданады, сонымен қатар DEXTER, Malicious use of artificial intelligence (MUAI), deepfake, Human intelligence (HUMINT) технологияларын және т.б. қолдану тәжірибесінің кейбір белгілі артықшылықтары мен кемшіліктері зерттеледі. Терроризмге қарсы күрес үшін технологияларды пайдалану процесінде шешілуін қажет ететін этикалық және моральдық мәселелерге назар аударылады. Мақаланың мақсаты-әлемдегі терроризмнің алдын алу және оған қарсы тұру үшін жасанды интеллектті қолданудың қазіргі жағдайы мен тәсілдеріне шолу.



ISSN 2518-7252 (Print)
ISSN 3079-4609 (Online)