Preview

Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (28) (2023)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ

8-17 91
Аңдатпа

Қазақстан өз дамуы кезеңінде жаңа қадамды бастап отыр. Қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер жүргізілді. Қазақстан Республикасы өзін Ата Заңда құқықтық мемлекет деп жариялағаны баршаға мәлім. Құқықтық мемлекеттегі әрбір азамат құқықтық мәдениетті болуы керек.

Ұсынылып отырған мақалада қоғамның құқықтық санасын арттырудағы құқықтық білім берудің маңыздылығы баяндалады. Құқықтық білім берудің негізгі мақсаты заңды құрметтеуді қалыптастыру және оны өмірлік практикада белсенді пайдалана білу. Құқықтық білім құқықтық тәрбиемен тығыз байланысты. Құқықтық білім беру алдымен жалпы білім беретін орта мектептерде басталса, ары қарай арнайы орта және жоғары оқу орындарында жалғасын табады. Құқықтық сауаттылық деңгейдің төмендігі мемлекеттің дамуына кедергі келтіреді және қоғамда құқық бұзушылықтың артуына әсерін тигізеді.

Мақалада қазіргі кезеңдегі құқықтық білім беруде кездесетін мәселелер көтеріледі. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде бұқаралық сананың, соның ішінде құқықтық сананың жаңа жағдайға қалыптасып, дамуы еліміздегі басты құндылықтардың біріне айналуы керек деген тұжырым беріледі.

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

18-25 80
Аңдатпа

Мақалада жергілікті өзін-өзі басқару мәселесінің Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бүгінгі таңға дейін қоғамдық-саяси, құқықтық, әлеуметтік тұрғыдан көптеген өзгерістерге ұшырағандығы зерттелген. Нормативтік құқықтық база зерттеліп, шетелдік тәжірибе қарастырылған, статистикалық мәліметтер мен тиісті ұсыныстар берілген.

Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін жетілдіруге болатын сапалы тәсілдерді бекіту мақаланың мақсаты болып табылады. Бұл ретте жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері арасында функциялар мен тапсырмалардың жүйесінің болмауы Қазақстан үшін бүгінгі таңда өзекті мәселе болып табылатыны дәлелденді.

Авторлар аталған мәселелердің шешу жолдарын ұсынады, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту арқылы халықтың мүдделері мен қажеттіліктерін неғұрлым тиімді және жедел қанағаттандыруға мүмкіндік беретіні анықталды, бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ, АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

26-34 99
Аңдатпа

Осы мақалада автор қылмыстық істер бойынша сот актілерін орындаудың проблемалық мәселелерін қарастырды. Статистикалық деректерді талдау сот орындаушылары мен соттардың қылмыстық істер бойынша мемлекет сомаларды кірісіне өндіріп алу жөніндегі жұмысында елеулі проблеманың бар екендігін айғақтайды. Мәселен, 2016 жылдан бастап 2022 жылдың 1-жартыжылдығына дейінгі кезеңдегі статистикаға сәйкес өндіріп алуға жататын 1 трлн 357 млрд теңгенің тек 24,1 млрд теңгесі ғана орындалды, бұл 1,7%-құрайды.

Осындай жағдайдың негізгі себептерінің бірі – құқықтық нормалардың жетілмегендігі деген қорытынды жасалды. Мысалы, қолданыстағы заңнамада атқарушылық іс жүргізудің осы санаты бойынша өндіріп алушы айқындалмаған. Осыған байланысты жыл сайын қылмыстық істер бойынша мемлекет кірісіне сомаларды өндіріп алу мәселелері өндіріп алушы тарапынан бақылаусыз қалады, соның салдарынан бюджет күшіне енген сот актілері бойынша мемлекеттік кіріске өндіріп алынуға тиіс үлкен сомаларды алмайды.

Қылмыстық істер бойынша сот қаулыларын тиімді орындау үшін автор заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.

35-44 77
Аңдатпа

Қазіргі әлемде еңбек қатынастарын ұйымдастырудың типтік емес нысандарын пайдаланудың тартымдылығы осы институттарды заңда заңдастыруға әкеледі. Осы институттардың бірі – аутстаффинг (агенттік еңбек) арқылы еңбек қатынастарын ұйымдастыру. Қазақстан заңнамасында аутстаффинг қатынастары азаматтық құқықтық нормалар арқылы персоналды беру жөніндегі қызмет көрсету шарты, сондай-ақ еңбек шартын жасау кезінде еңбек құқықтық қалыптары арқылы бекітіледі. Бұл қатынастарды реттеудің күрделілігі мен әртараптандырылған тәсілдері іс жүзінде аутстаффингті енгізуде қиындықтарға әкеледі. Бұл құқықтық құрылымды пайдалану шеңберіндегі бірінші кезектегі маңызды мәселе – персонал беру бойынша құқықтық қатынастардың пайда болуының заңды фактілерінің жиынтығын анықтау. Персоналмен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсету саласындағы құқықтық қатынастардың пайда болуының нақты құрамын талдау осы баптың мақсаты болып табылады. Ғылыми мақала аясында аутстаффингті қолдану үшін қажетті заңды фактілер-әрекеттер зерттеледі, сонымен қатар еңбек және азаматтық заңнама нормаларын талдау негізінде қолданудың кейбір мәселелері және оларды шешудің мүмкін жолдары қарастырылады, сондай-ақ персоналды беру бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасау кезінде шарттық тетіктер қарастырылады.

45-53 82
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерін бағдарламалықнысаналы қаржыландыру шеңберінде «Қауіпсіз еңбектің экономикалық проблемалары және Қазақстан Республикасындағы сақтандыру тетігін институционалдық қайта құру» (BR11965728) тақырыбындағы ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру барысында алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Бұл мақалада еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу, рәсімдеу және тіркеу мәселесі қарастырылады. Нақты азаматтық іс пен заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде авторлар жазатайым оқиғаларды тергеудегі практикалық тәжірибені, атап айтқанда, өндірісте жарақат алған қызметкер қандай мәселемен бетпе-бет келетінін, ол мәселені қалай шеше алатынын, өндірістегі жазатайым оқиғаны тексеру алгоритмі дұрыс құрылған-құрылмағанын зерттеуге тырысады.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНОЛОГИЯ

54-63 82
Аңдатпа

Азаматтық қоғамның басты құндылығы адамға ізгілік қарым-қатынас жасау, жеке адамның құқықтары және мүдделерін сақтау мен қамтамасыз етуге құқықтық кепілдіктер белгілеу, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қарсы бағытталған қылмыстық мінез-құлықты білдірудің әртүрлі нысандарына қарсы іс-қимыл жасау болып табылады. Адам саудасына байланысты қылмыстық оқиғалар өркениетті әлем үшін жаһандық сын-қатер болып табылады және оны күрделі неке-отбасы, еңбек және өзге де құқықтық қатынастар призмасы арқылы қарау қажет.

Адам саудасы үшін қылмыстық құқық бұзушылықтың құқықтық негіздері мен құрамын саралау, адамның құқықтары мен бостандықтарын тиісінше қорғауды қамтамасыз етіп қана қоймай, қылмыстық істер санаттары бойынша тергеу-сот практикасын жетілдіруге ықпал етеді.

Осы мақалада авторлар қылмыстық заңнамада адам саудасына байланысты әрекеттерді саралаудың қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға және құқыққа қарсы әрекет жасаған адамдарды жауапқа тартуға кедергі келтіретін мәселелерін қарайды. Сонымен қатар адам саудасы қылмысы үшін жауаптылыққа тарту бойынша заңнаманы қолдану мәселелерін ашып көрсеткен. ҚР Қылмыстық кодексінің адам саудасына қатысты нормасының диспозициясын адам тіндері мен мүшелерін трансплантациялау бойынша медицинадағы жаңа трансплантологиялық терминмен толықтыру ұсынылған.

64-73 78
Аңдатпа

Мақала Ресей Федерациясының қылмыстық заңына сәйкес экоцидтің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық ерекшеліктерінің мәселелерін зерттеуге арналған. Экоцид үшін қылмыстық жауапкершілікті құқықтық реттеудің шетелдік және халықаралық тәжірибесі пайдаланылды. Экоцид үшін жауапкершілікті құқықтық реттеудің тарихи жолы мен қазіргі жағдайы зерттелді. Экоцид қылмысы құрамының элементтерін құрудың өзекті мәселелері зерделенді, қылмыстың объектісі мен объективті жағын құқықтық реттеудегі кемшіліктер мен олқылықтар анықталды, сондай-ақ қылмыстың субъектісі мен субъективті жағы сыни тұрғыдан қаралды. Қылмыстың мәні мен оны жасау тәсілдері егжей-тегжейлі қарастырылған. Осы қылмыс құрамының біліктілік белгілерінің қажеттілігі қарастырылды. Кейбір елдердің заңнамасы бойынша қылмыстың осы құрамының санкциялары зерттелді және құқық нормасының қолданыстағы редакциясына өзгерістер негізді түрде ұсынылды.

Ғылыми зерттеудің қорытындысы қылмыстық заңды жетілдіруге, сондай-ақ зерттелетін тақырып бойынша ғылыми білімді кеңейтуге бағытталған нақты ұсыныстар болды. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің «Экоцид» 358-бабының авторлық редакциясы ұсынылды. «Жаппай жою» және «экологиялық апат» анықтамалары әзірленді. Аталған ұғымдарды әртүрлі елдердің қылмыстық заңнамасында, сондайақ халықаралық құқықта біріздендіру қажеттілігі туралы тұжырымдар негізделген. Сондай-ақ автор осы тақырыпқа қызығушылық танытқандардың барлығын зерттелетін мәселелер бойынша ғылыми пікірталасқа шақырады.

74-80 110
Аңдатпа

Киберқылмыстарды қылмыскерлер интернетке кіру мүмкіндігі бар әлемнің кез келген жерінде жасай алады. Киберқылмыстың теріс салдары қылмыскер тұратын елден тыс жерде сезілуі мүмкін. Бұл қылмыстың трансұлттық сипаты юрисдикцияның дәстүрлі идеяларына қарсы тұрады және бүкіл әлем бойынша қылмыстық сот төрелігі жүйесінің қызметкерлері арасында ынтымақтастық орнатуды талап етеді. Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың қажеттілігі мен негізділігі қылмыстың осы түрінің жаһандық таралуына байланысты. Киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық жүйелі, тұтас және дәйекті болуға тиіс. Елдердің осы және басқа да табысты бірлескен күш-жігеріне қарамастан, қазіргі уақытта киберқылмыспен күресте халықаралық ынтымақтастық жолында әлі де кедергілер бар. Бұл мақалада киберқылмысқа қатысты егемендік пен юрисдикция ұғымдары, халықаралық ынтымақтастық тетіктері, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға байланысты мәселелер қарастырылады.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС

81-89 83
Аңдатпа

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында адамдарды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға бағытталған Конституция нормалары мен қылмыстық-процестік заңнамасының арақатынасы туралы мәселе өзекті болып табылады.

Қазақстанда Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам кінәсіз болып саналады.

Алайда, қылмыстық іс жүргізу заңнамасы (ҚР ҚПК 35, 36 баптары) жалпы қылмыстық істі сотқа дейінгі тоқтату институтын реттейді (Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын және қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар), бұл алдыңғы конституциялық нормаға қайшы келеді.

Қолданыстағы заңнаманың, сондай-ақ сот-тергеу және құқық қолдану практикасының ережелерін ескере отырып, авторлар процестің сотқа дейінгі сатысында ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі (қылмыстық қудалауды) тоқтату институтын алып тастау мүмкіндігі туралы бірқатар ғылыми ұстанымдар ұсынады.

90-99 86
Аңдатпа

Мақалада мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден ерекше мәртебесіне және оларға әскери ұжымның әсер ету ықтималдығының жоғарылауына байланысты жауап алудың өзекті мәселелері қарастырылды.

Сот-тергеу тәжірибесінің материалдарын, қылмыстық-процестік заңнамасын, заң әдебиетін, әскери қызмет және қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың мемлекеттік қорғау саласындағы заңнамалардың талдауы негізінде, қылмыстық-процестік нормаларын мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден жауап алу кезіндегі қолданудың проблемалық мәселелері мен қиындықтары қаралды. Күдікті, куә және жәбірленуші болып табылатын мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден жауап алу кезінде тактиканы қолдану алгоритмі ұсынылды, жауап алуды ұйымдастыру-әзірлік шаралары, оны өткізу әдістері мен орнын таңдау бойынша ұсынымдар берілді. Әскери қызметшілерден жауап алудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасын жетілдіру бойынша жекелеген ұсыныстар енгізілді.

100-108 78
Аңдатпа

Мақалада ғарыштық орбиталық станцияларда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеудің криминалистикалық әдістемесінің құрылымы қарастырылады. Ғарыш орбиталық станциясында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықты сотқа дейінгі тергеудің криминалистикалық әдістемесінің құрылымын әзірлеуге әрекет жасалуда. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жеке әдістемесінің құрылымына ғарыш орбиталық станциясында жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жеке әдістемесін қалыптастыру көздерін құрайтын заңдық және білімнің басқа да салалары сияқты элементтер; жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың криминалистикалық сипаттамасы немесе ойша моделі; дәлелдеуге жататын типтік тергеу жағдайлары мен мән-жайлары; осы түрдегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңдерінің мазмұны кіруі мүмкін қылмыстық құқық бұзушылық; қылмыстық құқық бұзушылықтың осы түрінің криминалистикалық профилактикасы. Ғарыш орбиталық станциясының бортында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықты сотқа дейінгі тергеудің жеке әдістемесін қалыптастыруда ауыр және аса ауыр қылмыстарды алдын ала тергеу теориясы мен практикасының, ғарыш құқығы мен ғарыш қауіпсіздігі саласындағы жетістіктердің бұрын жинақталған тәжірибесін ескеріп, қолдануға болады.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

109-116 82
Аңдатпа

Мақалада құқық қорғау қызметінде кадрларды іріктеу және орналастыру процесін реттейтін құқықтық актілерді талдау негізінде азаптаудың алдын алудың ұйымдық-кадрлық аспектілері қарастырылады.

Азаптаудың алдын алудағы өзекті мәселелердің бірі – қызметкерлердің заңсыз агрессивті мінез-құлқы мәселесі.

Автордың пікірінше, қызмет өткерудің барлық кезеңдерінде қызметке кандидаттар мен құқық қорғау органдарының жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінің теріс агрессивті мінез-құлқын анықтау және алдын алу қажет, бұл болашақта азаматтарға қатысты азаптаулар жасауға әсер етуі мүмкін.

Автор агрессия қаупінің жоғары дәрежесін болжау және психоэмоционалды және физиологиялық жүктемелері жоғары лауазымдарда заңсыз әрекеттерге бейімділікті анықтау арқылы азаптауға қарсы тұру қажеттілігіне назар аударады.

Мақалада құқық қорғау қызметінде азаптаудың алдын алу және ескертудің нақты шаралары ұсынылған.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚ

117-124 74
Аңдатпа

Бұл мақалада автор бизнесті қорғау жөніндегі ұйымдар қызметінің халықаралық тәжірибесін қарастырды. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық құқықтық актілерді талдау олардың негізгі бағыты кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға және мамандандырылған ұйымдар мен бизнесті қорғау жөніндегі бірлестіктер арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың шекараларын кеңейту болып табылады. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдар БҰҰ, Еуропа Кеңесі, Еуропалық Одақ, ЭЫДҰ, ЕАЭО сияқты барлық ірі бірлестіктерде ұсынылған, олардың қызметі белгілі бір елдегі бизнес пен адам құқықтарын қорғау саласындағы белгілі бір мәселелерді жою бойынша тиісті ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Бұл ретте БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы және адам құқықтары жөніндегі кеңесі кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі әмбебап және жетекші халықаралық ұйымдар болып табылады. Автор сонымен қатар бизнес омбудсмендердің жұмыс істеу тәжірибесін зерттеді. АҚШ пен Грузияның тәжірибесі негізінде Қазақстан Бизнес омбудсменінің қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленді.



ISSN 2518-7252 (Print)
ISSN 3079-4609 (Online)