Preview

Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 1(35) (2025)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ

8-17 94
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына «Қарулы Күштердегі заң кеңесшілері» ұғымын енгізу мәселесі қарастырылады. Авторлар бұл институтты заңнамалық тұрғыда бекітудің қажеттілігін Қазақстанның Женева конвенциялары мен олардың Қосымша хаттамалары бойынша халықаралық міндеттемелеріне, сондай-ақ шетелдік тәжірибеге сүйене отырып негіздейді. Заң кеңесшілерінің негізгі міндеттері талданады, оның ішінде командирлерге халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қолдану бойынша кеңес беру, әскери қызметшілерді құқықтық оқыту, әдістемелік материалдар әзірлеу және тарату мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын әскери құрылымдарда қолданудың деңгейлері, заң кеңесшілерінің стратегиялық және тактикалық әскери жоспарлауға қатысуы, қарулы қақтығыстар кезінде соғыс жүргізу құралдары мен әдістерін құқықтық бағалау рөлі зерттеледі.

Авторлар заң кеңесшілерінің қызметін заңнамалық тұрғыда бекітудің маңыздылығын атап өтіп, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтауды қамтамасыз ету және әскери басқару жүйесіндегі құқықтық мәдениетті арттыру үшін тиісті заңнамалық өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар береді.

18-25 101
Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне пилотсыз ұшу аппараттарын енгізу перспективаларын зерттеуге арналған. Қоғамдық іс-шаралар мониторингін, төтенше жағдайлардың алдын алуды, құқықтық тәртіпті қадағалау мен бақылауды қоса алғанда, пилотсыз ұшу аппараттарын пайдаланудың негізгі бағыттары қарастырылады. Қазақстанның ерекшелігіне бейімделу мүмкіндігі мақсатында қоғамдық қауіпсіздік және халықты қорғау саласында пилотсыз ұшу аппараттарын қолданудың әртүрлі аспектілеріне арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері талданады. Пилотсыз ұшу аппараттарын қолданудың артықшылықтары, сондай-ақ оларды қолданыстағы қауіпсіздік инфрақұрылымына біріктіруге байланысты проблемалар қарастырылады. Қорытындыда пилоттық жобаларды жүргізуді, мемлекеттік-жекелік әріптестік арқылы өзінің пилотсыз жүйелерін құруды және басқа технологиялармен интеграциялауды қоса алғанда, пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, елімізде қоғамдық қауіпсіздік жүйесін дамыту перспективалары тұжырымдалған.

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

26-36 98
Аңдатпа

Мақалада қазақстандық қоғамның қоғамдық өміріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің әртүрлі түрлерін енгізудің өзекті проблемалық мәселелері талқыланады. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына талдау жүргізіліп, оның көмегімен қоғамда сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресуге кедергі келтіретін кемшіліктер мен олқылықтар анықталды. Жұмыста мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді зерделеуге баса назар аударылады. Сондай-ақ, бұл жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен шараларды қолданудың практикалық тәжірибесі маңызды екенін атап өткен жөн.

Автор халықаралық тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді жүзеге асырудың оң тәжірибесі мен мысалдарын зерттеген. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде түйткілді мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар, сондай-ақ еліміздегі құқықтық базаны дамыту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерінің тиімділігін арттыру жолдары қарастырылған.

37-42 94
Аңдатпа

Мақалада бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және пайдаланғаны үшін әкімшілікқұқықтық норманы енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Бұл тәсіл елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету постулаттарының бірі ретінде мемлекеттік бюджетті қорғауды қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттілігіне байланысты. Автор Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарын регламенттейтін қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту қағидаларын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізді. Автордың пікірінше, гуманизм қағидатын сақтау және бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың жолын кесу мақсатында бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және (немесе) пайдаланғаны үшін әкімшілік жауаптылықты көздеу қажет, өйткені пайдакүнемдік мақсаттың болмауы лауазымды адамдардың іс-әрекеттерінде жымқыру мен иемденуге бағытталған қылмыстық құқық бұзушылық құрамын алып тастауға ықпал етеді.

43-50 100
Аңдатпа

Мақала қоғамдық-құқықтық даулар бойынша әкімшілік процестегі прокурордың іс жүргізу мәртебесін зерттеуге арналған. Жүргізілген теориялық талдау негізінде әкімшілік процесте прокурордың екі маңызды қызметі анықталды: адамдарды прокурордың атынан қорғау қажеттілігімен байланысты өкілдік қызметі және қолданыстағы заңнаманың сақталуы мен орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған конституциялық-құқықтық қызмет.

Әкімшілік іс жүргізу заңнамасы азаматтардың жария құқықтарын қорғау саласында айтарлықтай ілгеріледі, бұған Қазақстанның заңнамалық және құқық қолдану практикасының оң тәжірибесі дәлел бола алады. Прокурордың әкімшілік процеске қатысуының рөлі мен қажеттілігі айқын және заң ғылымында ешқашан дауланбаған. Сонымен қатар, қазақстандық әкімшілік процесс саласында прокурордың іс жүргізудегі процестік жағдайының, әкімшілік талапкер ретіндегі мәртебесінің ерекшеліктері аз зерттелген күйінде қалып отыр. Әкімшілік процесте прокурордың іс жүргізу мәртебесін кешенді зерттеу қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.

51-58 94
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің дамуына тарихи талдау, атап айтқанда тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтегі шектеу шаралары мен тыйым салу институты қарастырылады. Айта кету керек, бүкіл қоғамның дамуы мемлекеттің мемлекеттік қызметінің тиімді қызметіне байланысты. Мемлекеттік қызмет реформалары демократиялық құқықтық мемлекет құрудың негізгі қағидаттарына сәйкес жүргізілгенін мойындау қажет. Осыған байланысты авторлар мемлекеттік қызметке кандидатты қабылдау кезінде мінсіз бедел институтын енгізу мүмкіндігі туралы мәселені қарастыру қажет деп санайды. Бұл сүзгі сенімсіз адамдардың құқық қорғау қызметіне кіруіне жол бермеуге бағытталған кандидатқа ақпарат жинауды заңнамалық деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

59-66 89
Аңдатпа

Мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлық ұғымы қарастырылады. Авторлар оның мазмұнын ашу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық және ұлттық заңнамаға, негізгі ғылыми көзқарастар мен халықаралық стандарттарға терең талдау жүргізген. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасындағы сыбайлас жемқорлық ұғымы халықаралық стандарттарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының ережелеріне, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының ұсынымдарына және заң ғылымындағы қалыптасқан түсінікке толық сәйкес келмейтіні анықталған. Осы олқылықтарды жою және ұлттық құқықтық жүйені жетілдіру мақсатында авторлар жаңа, ғылыми негізделген дефиниция ұсынады. Дефиницияны әзірлеу барысында заң техникасы қағидалары ескерілген. Мақала зерттеу нәтижелері мен нақты ұсыныстарды қамтиды.

67-72 85
Аңдатпа

Мемлекеттік қызметті іріктеу және өткеру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы бүгінгі күні белгілі бір өзгерістерге ұшырауда. Бұл уақыттың шындығы елдің өмірін жаңғырту, оның ішінде мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту қажеттілігін талап ететіндігіне байланысты. Автор реформалар аясында мемлекеттік органдарға қызметке кандидаттарды іріктеу кезінде «мінсіз бедел» институтын ескеруді ұсынады. «Мінсіз бедел» дефинициясын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескерілді. Мінсіз беделдің негізі – мемлекеттік қызмет қатарына кандидаттың кәсіби және моральдық қасиеттері туралы мәліметтердің болуы. Сауалнама нәтижелері кандидатты әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында тексеру мінсіз бедел институтының құрамдас бөліктерінің бірі болуы тиіс екенін көрсетті.

73-82 95
Аңдатпа

Мақалада еліміздегі кедендік бақылаудың ұғымы, ерекшеліктері және құқықтық мәні қарастырылады. Қазіргі кезде сыртқы сауда айналымының дамуына байланысты кеден құқығының кедендік бақылау институтын кешенді зерттеу өзекті болып отыр. Кедендік бақылау мемлекеттік бақылау жүйесінің бөлігі болып табылады, оның мазмұны мемлекеттік кеден саясатымен анықталады. Қазақстан Республикасы экономикасының жай-күйі, халықаралық сауда көлемінің ұлғаюы және кеден заңнамасын бұзушылықтың азаюы көбінесе сапалы және тиімді жүргізілген кедендік бақылауға байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, кедендік бақылаудың ұғымын, ерекшеліктерін және оның құқықтық мәнін нақты анықтаудың үлкен маңызы бар. Бұл мақалада кедендік бақылаудың ұғымы, ерекшеліктері мен құқықтық мәні әмбебап және салыстырмалы құқықтық талдаудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қарастырылады. Мақаланыңқорытындысындаавторларкедендікбақылаудысипаттайтыннегізгібелгілеріменерекшеліктерін анықтайды, сонымен қатар өздерінің кедендік кедендік бақылау туралы ұғымын ұсынады.

АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

83-92 99
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында енгізіліп жатқан медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесінің құқықтық негізіне талдау жасалынады.

Сақтандырудың осы түрін қолданыстағы жүйеге интеграциялау табысты әлемдік тәжірибелерді ескере отырып жүргізілуде және авторлар оны енгізудің қажеттігін елімізде қалыптасқан шұғыл қажеттілікпен түсіндіреді. Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсібилігіне қатысты даулар туындаған кезде медицина қызметкерлерін қорғаудың жүйесі мен тиімді құралдары жоқ, дәрігерлік қателіктердің ресми статистикасы жүргізілмейді, науқастардың құқықтарын қорғау үшін мамандандырылған нормативтік құқықтық актілер жоқ, ал медициналық көмек көрсету деңгейі науқастардан келіп түскен шағымдардың саны бойынша бағалануда.

Ғылыми зерттеудің мақсаты медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізудің өзектілігіне және заңнамалық реттеудің қабылданған тәртібіне талдау жүргізу болып табылады.

Аталған мақсатқа жету үшін авторлар жаңадан қабылданған нормативтерді, заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды жан-жақты талқылайды, қорытындылар мен ұсыныстар жасайды.

93-100 97
Аңдатпа

Мақала еліміздегі және шет елдердегі отбасылық кәсіпкерліктің даму деңгейін салыстырмалы-құқықтық талдауға арналған. Жұмыста отбасылық кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретіндегі өзекті мәселелері, отбасылық кәсіпкерлікке тән ерекшеліктер, оның даму сипаты анықталды. Отбасылық кәсіпкерлікті заңнамалық тұрғыда бекітудің шетелдік тәжірибесі мысалдар негізінде талданды, шет мемлекеттердің отбасылық кәсіпкерлік туралы заңнамаларына жалпылама шолу жасалды. Отбасылық кәсіпкерлікті жеке құқықтық институт ретінде қарастырып, еліміздің заңнамасына енгізілу тиіс өзгерістер мен ұсыныстар тізбесі көрсетілді. Аталған жұмыста ел экономикасын дамыту үрдісіндегі отбасылық кәсіпкерліктің артықшылықтары, оның құқықтық маңыздылығы жан-жақты талқыланды. Отбасылық кәсіпкерлікке қатысты нақты реттейтін нормативтік құқықтық актінің болмауына байланысты оған заңды анықтама берілмеген. Сондықтан мақалада кәсіпкерліктің бұл түрін заңнамалық тұрғыдан реттеуде ерекше назар аудару керектігіне мән беріледі. Зерттеу нәтижесі ретінде отбасылық кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау және қорғау қажеттілігі, отбасы мүшелерінің кәсіпкерлік қызметін дамытуға бағытталған арнайы әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу керектігі алға тартылады.

100-107 116
Аңдатпа

Мақалада жасанды интеллекттің (ЖИ) «Клиенттің талабы басым» қағидатын теріс пайдалануды азайту әлеуеті қарастырылады, ол көбінесе әділетсіз артықшылықтар үшін пайдаланылады. Тұтынушылардың құқықтары жақсы қорғалғанымен, кәсіпорындар ақшаны негізсіз қайтару немесе алаяқтық қызмет көрсету талаптары сияқты заңсыз мінез-құлық ретінде көрінетін тұтынушылық экстремизмге көбірек тап болады. ЖИ технологиялары, соның ішінде машиналық оқыту және табиғи тілді өңдеу, теріс пайдалану үлгілерін анықтау, көңіл-күй мен ниеттерді талдау және шешім қабылдау процестерін автоматтандыру арқылы шешімдерді ұсынады. Бұл белсенді тәсіл бизнеске тұтынушылық экстремизмді анықтауға және алдын алуға, олардың қаржылық мүдделерін де, қызметкерлердің әл-ауқатын да қорғауға мүмкіндік береді. Дегенмен, әділ және ашық тәжірибені қамтамасыз ету үшін этикалық ойларды, әсіресе ЖИ жүйелеріндегі біржақтылыққа қатысты ескеру қажет. Бұл зерттеу тұтынушылардың экстремизміне қарсы төтеп беру үшін ЖИ енгізудің қиындықтары мен мүмкіндіктерін талдау үшін әдебиеттерге сапалы шолу мен этикалық және құқықтық модельдеуді пайдаланады, бизнесті де, тұтынушыларды да қорғайтын теңдестірілген тәсілді қолдайды.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНОЛОГИЯ

108-117 94
Аңдатпа

Мақалада сыбайлас жемқорлық қылмыстарының белгілерін анықтаудың және оларды қылмыстық заңнама нормаларында заңнамалық тұрғыдан бекітудің кейбір аспектілеріне, сондай-ақ қарастырылып отырған санаттағы қылмыстар тізбесін реттеу мәселелері бойынша отандық қылмыстық заңнама нормаларының қазіргі жағдайына талдау жасалды.

Зерттеу барысында авторлар сыбайлас жемқорлық қылмыстарының белгілерін анықтау мәселелерін қарастырған ғалымдардың пікірлерін зерделеді, сыбайлас жемқорлық қылмыстың негізгі белгілерін анықтау және тұжырымдау мақсатында 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларында көзделген «сыбайлас жемқорлық» және «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық» ұғымдарына талдау жүргізді. Бұдан басқа, зерттеу «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы Нормативтік қаулысында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстар тізбесі туралы нормалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар тізбесі бекітілген Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабы 29) тармақшасының ережелерімен сәйкессіздігінің болуын көрсетті.

Талдау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстарының белгілерін құқықтық регламенттеу жөніндегі қылмыстық заңнама нормаларын және қаралатын санаттағы қылмыстар тізбесін жетілдіруге бағытталған қорытындылар мен ұсыныстар тұжырымдалған.

118-125 92
Аңдатпа

Қылмыстық-атқару жүйесінде болып жатқан саяси және құқықтық реформалар жағдайында сотталған адамдарды бас бостандығынан айыруға қайта әлеуметтендіру басым бағыт болып табылады. Мұндай адамдарды қайта әлеуметтендірудің бір жолы – жұмысқа тарту. Ұзақ уақыт бойы құқық бұзушының жеке басына әсер ету шарасы ретінде жұмыс өте тиімді болып қала береді. Мақала авторлары бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталған адамдарды жұмысқа орналастыру процесінде кездесетін негізгі проблемаларды бөліп көрсетеді. Атап айтқанда, ресурстармен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, заңнамадағы олқылықтар, сондай-ақ сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша мүдделі органдардың өзара іс-қимылы мәселелері қаралады. Бұл мақалада сотталғандарды жазалау мақсаттарының бірі ретінде жұмысқа орналастырудың маңыздылығы ашылады, осы салада кездесетін артықшылықтар мен сын-қатерлер талқыланады және сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыруға және рецидивизмді төмендетуге бағытталған стратегиялар мен бағдарламалар талданады.

126-133 97
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының ғылыми тәсілдері мен нормаларын талдау негізінде жер қойнауын өз бетінше пайдаланғаны үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері қаралды (ҚР ҚК 334-бабы).

Қазақстандағы меншік құқығының объектісі ретінде жер қойнауына қол сұғушылықты криминализациялау, сондай-ақ 2010-2024 жылдары жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылықтардың өсу серпіні қаралды.

ҚР ҚК 334-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылу деңгейі төмен екені анықталды, істің көпшілігі оқиғаның немесе қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылады. Бұл тергеушілердің кәсібилігінің жеткіліксіздігін ғана емес, сонымен қатар объективті сипаттағы бірқатар себептерді – жер қойнауы ресурстарына келтірілген залалды бағалаудың тиімді механизмінің жоқтығын, сот сараптамасының тиісті түрінің болуын, жер қойнауына келтірілген залалды бағалауға қабілетті мамандардың тапшылығын көрсетеді.

Проблемалық мәселелерді шешу үшін нормативтік, әдістемелік және инновациялық-ұйымдастырушылық сипаттағы ұсыныстар әзірленді.

134-142 94
Аңдатпа

Қылмыстық кірістерді заңдастыру қылмыстық қызметті цифрландырумен шиеленісе отырып, Қазақстанның және жаһандық қаржы жүйесінің экономикалық қауіпсіздігіне негізгі қауіп болып қала береді. Зерттеудің мақсаты – ұлттық және халықаралық заңнамадағы ақшаны жылыстату құралы ретінде конверсиялық мәмілелерді талдау. Салыстырмалы-құқықтық, жүйелік-құрылымдық және тарихи-құқықтық әдістерді пайдалана отырып, авторлар қазақстандық құқықта нақты анықтамасы жоқ «конверсия» терминін реттеудегі олқылықтарды анықтады, бұл құқықтық қақтығыстарға әкеледі. Зерттеу валюта айырбастауды, инвестицияларды, криптовалюталарды және жалған компанияларды құруды қоса алғанда, классикалық жылыстату үлгісіндегі стратификация кезеңіндегі конверсияның рөлін көрсетеді. Ресей, Өзбекстан және Беларусь тәжірибесімен салыстыру бақылауды күшейту үшін «мәміле» және «операция» ұғымдарын саралау қажеттілігін көрсетті. Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысында және ҚР Қылмыстық кодексінде терминдерді нақтылауды қоса алғанда, заңнамаға түзетулер ұсынылды.

143-149 105
Аңдатпа

Мақалада мәжбүрлі төлемнің ерекшеліктері және олардың қылмыстық құқық тұрғысынан айыппұлдан аражігін ажырату мәселесі қарастырылады. Мәжбүрлі төлем түріндегі өзге де қылмыстыққұқықтық ықпал ету шарасының қазіргі уақыттағы құқықтық жағдайына талдау жасалып, тақырып аясында мәжбүрлі төлемнің өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасындағы міндеттерін анықтау мәселесіне қатысты қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері зерделенді. Отандық және өзге елдердің заңнамаларын салыстыру арқылы осы шараның міндеттері мен мақсаттары, оның құқық бұзушыға әсер ету механизмдері тұрғысынан талданды. Қазіргі сот тәжірибесінде аталған шараны қолдану бөлігіне назар аударылды.

Зерттеу нәтижесімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне мәжбүрлі төлемді қылмыстық құқықтың мақсаттарына сәйкес қолдану бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.

150-156 87
Аңдатпа

Бұл мақалада автор, оның пікірінше, бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалыметалдарбаршикізаттауарларының заңсыз айналымынабайланыстықылмыстардыңкриминалистік сипаттамасының неғұрлым маңызды екі элементіне мұқият талдау жасайды – бұл қылмыстың нысанасы және оны жасау тәсілдері. Қылмыс жасау тәсілдерін талдау нәтижелері авторға кінәлі адамдардың әрекеттерінде олардың оқшауланған қылмыстық-құқықтық бағалануын талап ететін белгілердің болуын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, қаралып отырған құқық бұзушылық заттарының заңсыз айналымы оларды заңсыз өндiруден, сатып алудан, өткiзуден, сақтаудан, тасымалдаудан, жөнелтуден ғана емес, оларды ұрлаудан да тұрады. Автор ҚР ҚК-нің 295-1-бабына толықтыру енгізудің орындылығы туралы қорытындыға келеді, ол арқылы кінәлі адамдардың әрекеттері олар жүзеге асыратын әрекеттерге неғұрлым сәйкес келумен сараланады.

157-165 90
Аңдатпа

Мақала адам өмірінің әртүрлі салаларына жасанды интеллекттің қарқынды дамуы мен интеграциясы тұрғысынан қылмыстық-құқықтық реттеудің өзекті мәселелерін қозғайды. Жасанды интеллект көмегімен жасалған іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылықты талдауға, мұндай қылмыстық әрекеттерді саралаудың қиындықтарына және қылмыстық істерді тергеу кезінде дәлелдемелерді жинау мен түсіндіруге қатысты мәселелерге назар аударылады. Авторлар жасанды интеллект көмегімен қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалған жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа дәстүрлі тәсілдердің тиімсіздігі туралы мәселе көтереді, өйткені жасанды интеллект сана немесе ерік-жігерге ие емес, бұл кінә мен субъективтілік принциптерінің қолданылуына күмән келтіреді. Сондай-ақ, мақалада жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалану, машиналық оқыту алгоритмдерін қолданатын кибершабуылдар, бетті тану және көңіл-күйді талдау алгоритмдері арқылы адамдарды қудалау және ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету желілерінің интеллектуалды жүйелерге тәуелділігіне байланысты стратегиялық маңызды объектілердің қауіпсіздігіне ықтимал қауіптер сипатталған. Қорытындылай келе, жасанды интеллект шешімдерін қоғамдық өмірге енгізуді жалғастыру жағдайында тиісті деңгейдегі қылмыстық-құқықтық реттеуді қамтамасыз ете алатын заңнаманы одан әрі дамыту үшін бағыттар ұсынылады.

166-174 98
Аңдатпа

Мақалада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауға байланысты абайсыз қылмыстар үшін ата-аналардың қылмыстық жауаптылығы мәселелері қарастырылады. Зерттеу балаларды қараусыз қалдыру жағдайларының көбеюімен өзектендірілді, бұл олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жұмыстың ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының нормаларын кешенді талдаудан, сондай-ақ ата-аналардың қылмыстық жауаптылық субъектілері ретіндегі құқықтық мәртебесіне байланысты заңнамалық олқылықтарды анықтаудан тұрады.

Ата-аналарды балаларға қатысты абайсыздық қылмыстары үшін жауаптылыққа тартудың тиімді тетіктері әзірленген шет елдердің тәжірибесін салыстырмалы зерттеуге ерекше назар аударылды. Авторлар атааналардың бірлескен әрекетсіздігін ескеруге мүмкіндік беретін «ілеспе жауаптылық» тұжырымдамасын енгізуді қоса алғанда, ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар берді.

Мақалада ұсынылған тұжырымдар Балалардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатерді азайтуға бағытталған. Мақала адвокаттарды, судьяларды және отбасылық және қылмыстық құқық зерттеушілерін қызықтырады.

175-183 96
Аңдатпа

Мақалада ағылшын қылмыстық құқығындағы заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығының жұмыс істеуі бойынша теория, тәжірибе және заңнама мәселелері қарастырылған. Осы бағытта заңды тұлғаны қылмыс субъектісі ретінде анықтайтын теориялардың генезисі мен типологиясы ашылады. Сонымен, ағылшын заңнамасын, доктринасы мен практикасын ескере отырып, заңды тұлғаны қылмыс субъектісі ретінде анықтау үшін екі тұжырымдамалық тәсіл қолданылады. Бірінші тәсілдің жұмыс істеуі «адам» қылмыстарына тән, мысалы, байқаусызда кісі өлтіру. Екінші тәсіл заңды тұлғаларды басқару шешімдерін қабылдауға және заңды тұлғаның пайдасына нақты әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндігі бар оның қызметкерлері жасаған қылмыстық әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылыққа тартумен байланысты. Сонымен бірге, заң практикасы адамдарға өлім мен денсаулыққа зиян келтірумен байланысты қылмыстар жасауда шенеуніктердің кінәсінің болуымен көбірек бетпе-бет келеді, бұл ғалымдардың пікірінше, «корпоративті қылмыскер» ұғымын нақтылауды және викарлық жауапкершілікті сәйкестендіру теориясына айналдыруды талап етеді.

184-191 84
Аңдатпа

Мақалада қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының бірі – қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар қоюды қолдану мәселелері қарастырылады. Бұл шара қылмыстық заңның нормаларымен ғана емес, сонымен қатар әкімшілік заңнамамен және «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы Заңымен де регламенттелген. Бұл құқықтық құрал жәбірленуші тараптың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және оларды қорғаудың тиімді құралы бола алады, өйткені жаза қолдану мүмкін емес немесе жаза жеткіліксіз болатын жағдайлар болуы мүмкін. Қылмыстық заңнаманы қол сұғушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы нормалармен толықтыру тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдағы елеулі қадам болып табылады. Осы қылмыстыққұқықтық ықпал ету шарасын қолдану туралы мәселені құқықтық реттеу және салааралық реттеу бөлігінде құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы құқықтық нормалардың арақатынасы өз шешімін талап ететін бірқатар күрделі мәселелерді тудырады. Мақалада жүргізілген талдау бар проблемаларды анықтауға және оларды шешу үшін авторлық жолдарды жасауға бағытталған.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС

192-202 89
Аңдатпа

Мақалада прокурордың айыптауды қолдайтын және жазаны ұсынатын тарап ретінде сотқа қатысуының кейбір мәселелері қарастырылған. Айыптау тарапының ұғымдары, мемлекеттік айыптаушының функциялары мен құзыреттері, сондай-ақ сотта дайындау және дәлелдеу процесіне қойылатын талаптар қаралады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 7-бабының түсіндірмесінде қамтылған ұғымдарды түсіндірудегі анықталған сәйкессіздіктер мен олқылықтарға ерекше назар аударылады, бұл заңдық қайшылықтарды тудырады. Сонымен қатар, ол негізгі сот талқылауының ең жауапты кезеңі – сот тергеуі және мемлекеттік айыптаушының жаза түрлерін ұсынудағы функцияларын орындауы туралы айтады. Жауаптылыққа тартылатын адамның кінәсін дәлелдеуге, сондай-ақ жаза тағайындау кезіндегі прокурордың ұстанымына ерекше көңіл бөлінеді. Қорытынды бөлімде авторлар қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістер енгізу туралы қорытынды жасап, тұжырымдар дайындады.

203-209 97
Аңдатпа

Жұмыста қылмыстық процестің мақсаты және қылмыстық іс бойынша дәлелдеу ретінде материалдық (объективті) шындықтың корреляциясы тұрғысынан кінәсіздік презумпциясы принципі қарастырылады. Осы ғылыми мәселеге қатысты қолданыстағы ғылыми көзқарастарға сыни талдау жасалады. Компаративті талдау нәтижесінде қылмыстық процесс теориясындағы олқылықтар Батыс Доктринасын терең білу арқылы материалдық шындық туралы идеяларға қатысты жойылады. Кінәсіздік презумпциясы принципінің индуктивті қасиеттері ашылады. Қорытынды бөлімде қылмыстық процестің материалдық шындыққа қол жеткізу мақсатының шарттарын қалыптастыратын кінәсіздік презумпциясы принципінің құқықтық құрамының элементтері қарастырылады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚ

210-220 105
Аңдатпа

Бұл зерттеу ғылым мен техниканың дамуымен және жауынгерлік қару-жарақ пен әскери қақтығыстарды жүргізу әдістерін әзірлеу мен қолдануда жаңа технологияларды қолданумен байланысты қазіргі заманғы халықаралық гуманитарлық құқық үшін жаңа сынаққа арналды. Қазіргі әлемде ғылым мен техника үлкен қарқынмен дамып келеді және олардың жетістіктері қоғамның әртүрлі салаларында белсенді қолданылады. Бұл қатарға әскери өнеркәсіп те кіреді. Мемлекеттердің жауынгерлік арсеналдарына жетілдірілген мүмкіндіктері бар жаңа қаруларды енгізу халықаралық құқықтық реттеу үшін белгілі бір қиындық туғызады, өйткені технологиялардың дамуымен қарулы қақтығыстарды жүргізудің жаңа салалары пайда болады, олардың арасында киберкеңістік. Дегенмен, Халықаралық гуманитарлық құқықта жаңа ұрпақтың қауіпті қаруын қолданатын мемлекеттерге әсер етудің өте тиімді тетіктері бар. Олардың ішінде халықаралық гуманитарлық құқық принциптері мен соғыс құқығын өзінің әмбебаптығына байланысты ағымдағы кезеңге де, болашаққа да сәтті реттей алатын құқықтық әдет-ғұрыптар бар.



ISSN 2518-7252 (Print)
ISSN 3079-4609 (Online)