Preview

Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы

Кеңейтілген іздеу

ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

https://doi.org/10.52425/25187252_2024_31_100

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бүгінгі таңда азаматтық қоғамның белсенділігі адам құқықтарын қамтамасыз ету, экономикалық қызмет бостандығы, жастар және гендерлік саясат, діни және басқа да салаларда ғана емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де көрінеді.

Мақалада діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылда үкіметтік емес ұйымдарға ерекше профилактикалық рөл беріледі, себебі азаматтардың белсенді қатысуынсыз мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары жаңа сындар мен қауіп-қатерлерге толық көлемде қарсы тұра алмайды.

Осыған байланысты АҚШ, Франция, Германия, Англия, Австрия, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты терроризмнен ең көп зардап шеккен шет елдердің оң тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады.

Авторлар аталған елдердің үкіметтік емес секторының діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысу мәселелерін қарастырады. Мақалада мемлекетпен өзара іс-қимылдың институционалдық негіздері, олардың қызметінің нысандары мен бағыттары талданады.

Авторлардың назары қылмыс құрбандарына көмек көрсетуге, тәжірибені таратуға, халықтың радикалдануына жол бермеуге және сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіруге байланысты шетелдік үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мамандануына аударылды.

Авторлар туралы

Е. С. Кемали
«Тұран» университеті
Қазақстан

Ержан Сағындықұлы Кемали – «Тұран» университетінің құқықтану және халықаралық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Алматы қ.



М. Абайқызы
«Тұран» университеті
Қазақстан

Мөлдір Абайқызы – «Тұран» университетінің құқықтану және халықаралық құқық кафедрасының сениор-лекторы, құқық магистрі

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Баймаханов, М.Т. Становление правового государства и конституционный процесс в Республике Казахстан: монография / М.Т. Баймаханов. – Алматы: КазГЮА, 2001. – 209 с.

2. Сафарова, Т.С. Статус неправительственных организаций в казахстанском законодательстве / Т.С. Сафарова // Вестник Института законодательства Республики Казахстан. – 2010. – №3(19). – С. 30-33.

3. Ансель, М. Методологические проблемы сравнительного права // Очерки сравнительного права / М. Ансель. – М., Прогресс, 1981. – 120 c.

4. Яшина, А.В. Гражданское общество как субъект обеспечения национальной безопасности: опыт России и США [Электронный ресурс] / А.В. Яшина // Исторические, философские, политические и юридические науки, культурология и искусствоведение. Вопросы теории и практики. – Тамбов: Грамота, 2012. – №11(25): в 2-х ч. Ч. II. C. 218-221. – Режим доступа: https://www.gramota.net/articles/issn_1997-292X_2012_11-2_53.pdf (дата обращения: 12.04.2024).

5. Зотов, В.Б. Местное самоуправление: энциклопедия; под общ. ред. В.Б. Зотова. – Ростов на Дону: Феникс, 2010. – 908 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кемали Е.С., Абайқызы М. ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы. 2024;(1 (31)):100-108. https://doi.org/10.52425/25187252_2024_31_100

For citation:


Kemali E.S., Muldir A. ISSUES OF IMPROVING COOPERATION BETWEEN THE STATE AND NONGOVERNMENTAL ORGANIZATIONS IN THE FIELD OF COUNTERING TERRORISM AND EXTREMISM. Bulletin of the Law Enforcement Academy. 2024;(1 (31)):100-108. (In Kazakh) https://doi.org/10.52425/25187252_2024_31_100

Қараулар: 91

JATS XML


ISSN 2518-7252 (Print)
ISSN 3079-4609 (Online)