ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АЗАПТАУҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
https://doi.org/10.52425/25187252_2026_41_155
Аңдатпа
Мақалада азаптауға қарсы іс-қимылды криминалистикалық қамтамасыз ету барысында заманауи технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану мәселелері қарастырылады. Зерттеудің негізгі назарында оқиға орнын қарау нәтижелерін объективті тіркеуге мүмкіндік беретін техникалық құралдар кешені, тергеушілер мен сот сарапшыларының қызметіндегі рәсімдік және әдістемелік тәуекелдерді анықтауға бағытталған жасанды интеллект алгоритмдері, сондай-ақ жасанды интеллектті құқық қорғау және сот-сараптама қызметіне енгізудің құқықтық, ұйымдастырушылық және этикалық шектері қарастырылған.
Оқиға орнын сапалы қарап-тексеру барысында алынған цифрлық ақпараттың кейіннен жасанды интеллект арқылы өңдеу мен талдау мүмкіндігі негізделеді. Осы мақсатта автор «Оқиға орнын қарап-тексеру нәтижелерін тіркеуге арналған модульдік жинақ» патентін (04.08.2023 жылғы пайдалы модельге патент) ұсынады.
Зерттеу барысында формальды-заңдық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелік-құрылымдық, логикалық талдау, құқық қолдану, соның ішінде шетел тәжірибесін қорыту және SWOT-талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы азаптаудың алдын алуды криминалистикалық қамтамасыз етудің өзара байланысты үш элементтен тұратын кешенді моделін ұсынумен айқындалады: оқиға орнын қарап-тексеру нәтижелерін объективті тіркейтін модульдік жинақ; тергеушілер мен сот сарапшыларының қызметіндегі жүйелі рәсімдік және әдістемелік бұзушылықтардың тәуекел белгілерін анықтайтын жасанды интеллект алгоритмі; жасанды интеллект нәтижелерін адамның міндетті түрде тексеруін, олардың түсіндірмелілігін және дербес деректерді қорғауды көздейтін құқықтық-ұйымдастырушылық бақылау тетігі.
Автор туралы
Е. Ғ. ЧонбаевҚазақстан
Ербол Ғалымұлы Чонбаев – Кәсіптік оқыту институтының прокурорлық қадағалау кафедрасының доценті, ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі
Қосшы қ.
Әдебиет тізімі
1. Ю. Эрдаль, Х. Бакирчи. Статья 3 Европейской конвенции о защите прав человека: руководство по практическому применению [Электрондық ресурс]. – Айналыс режимі: https://www.omct.org/siteresources/legacy/handbook_presentation_web_rus.pdf.
2. Гурочкин, Ю.Д. Судебная медицина: курс лекций / Ю.Д. Гурочкин, В.И. Витер. – Москва: Право и закон, 2003. – 319 с.
3. Турсунов, А.Б. Криминалистические и судебно-экспертные аспекты детского травматизма вследствие бытовых травм и дорожно-транспортных происшествий: научный обзор / А.Б. Турсунов и др. // Судебная медицина. – 2023. – Т. 9, № 3. – С. 299-308.
4. Воеводкин, Д.В. Проблема выявления ложных заключений судебно-медицинских экспертиз с использованием технологий искусственного интеллекта: научный обзор на примере опыта Республики Казахстан / Д.В. Воеводкин // Судебная медицина. – 2023. – Т.9. № 3. – С. 287-298.
5. Arrigo, J.M. A utilitarian argument against torture interrogation of terrorists / J.M. Arrigo // Sciense and Engineering Ethics. – 2024. – № 10. – Pp. 543-472.
6. Е.Н. Бегалиев. О перспективности или нецелесообразности введения института чипирования населения // Парадигма современной науки глазами молодых: сб. материалов XV Междунар. научн.-практ. конфер. посвященной памяти основателей филиала Т.Ж. Атжанова и А.М. Роднова. – Костанай, 2021. – С. 25-31. 7. Waldron, J. Torture and positive Law: Jurisprudence for the white house / J. Waldron // Columbia Law Review. – 2005. – № 105 (6). – Pp. 1681-1750.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Чонбаев Е.Ғ. ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АЗАПТАУҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы. 2026;(3 (41)):155-165. https://doi.org/10.52425/25187252_2026_41_155
For citation:
Chonbayev Y.G. CRIMINALISTIC SUPPORT FOR THE PREVENTION OF TORTURE THROUGH THE USE OF ARTIFICIAL INTELLIGENCE TECHNOLOGIES. Bulletin of the Law Enforcement Academy. 2026;(3 (41)):155-165. (In Kazakh) https://doi.org/10.52425/25187252_2026_41_155
JATS XML


