Preview

Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы

Кеңейтілген іздеу

ҚЫЛМЫСҚА ЖАНАСУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІГІ

https://doi.org/10.52425/25187252_2026_41_36

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақала қылмысқа жанасу институтының құқықтық табиғатын және оның цифрландыру жағдайындағы ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Зерттеуде формальды-логикалық, жүйелі-құрылымдық және салыстырмалы-құқықтық әдістер қолданылды. Эмпирикалық базаны 2020-2025 жылдардағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432, 433, 434-баптары бойынша қылмыстық статистика деректері және 2021- 2025 жылдары шығарылған 50 сот актісі құрады. Зерттеу нәтижесінде қылмысқа жанасудың негізгі белгілері айқындалып, оны қылмысқа қатысушылықтан ажыратудың негізгі өлшемдері белгіленді. Сот практикасын талдау қылмысты жасырудың немесе ол туралы хабарламаудың дербес сипаты мен алдын ала қылмыстық пиғылдың болмауы іс-әрекетті дұрыс саралау үшін маңызды екенін көрсетті. Мақалада цифрландыру жағдайындағы қылмысқа жанасу институтының трансформациясы және «қылмыстарды виртуалды жасыру» феномені қарастырылады. Авторлар цифрлық технологиялардың қылмысты жасыру тәсілдерін күрделендіретінін атап өтіп, қылмысқа жанасу институтын жетілдіру қылмыстық құқықты дамытудың маңызды бағыты деген қорытындыға келеді.

Авторлар туралы

К. Ж. Агибаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Карина Женисовна Агибаева – докторанты

Алматы қ. 



Г. М. Атаханова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Гульзагира Махатовна Атаханова – қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты

Алматы қ. 



Әдебиет тізімі

1. Кустова, Н.К. К вопросу о дефиниции прикосновенности к преступлению. Проблемы развития правовой системы России: материалы III междунар. науч.-практ.конф. – Краснодар, 2018. – 102 с.

2. Ағыбаев, А.Н. Қылмыстық құқық: оқулық. жалпы бөлім / А.Н. Ағыбаев. – Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 178 б.

3. Кустова, Н.К. Институт прикосновенности к преступлению: теоретические, законодательные и правоприменительные аспекты // автореф. дис. ... канд. юрид. наук. / Н.К. Кустова. – Краснодар, 2019. – 49 с.

4. Очередько, В.А. Уголовно-правовое значение прикосновенности к преступлению: автореф. дис. ... канд. юрид. наук. / В.А. Очередько. – Краснодар, 2020. – 21 с.

5. Ашимбаев, Д.А. Киберқылмыстар: халықаралық ынтымақтастық қажеттілігі мен құқықтық реттеу жолдары / Д.А. Ашимбаев, Г.И. Тогизбаев // Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы. – 2026. – № 1. – 123-130 б.

6. Salehi, K. Artificial Intelligence and crime detection: A critical review / K. Salehi, S. Khiyaban Habib Zadeh, S. Sabbar // Journal of Cyberspace Studies. – 2026. – № 10 (1). – Pp. 181-197.

7. Ștefănoaia, M. AI in crime prediction: current trends and challenges. [Электрондық ресурс]. / M. Ștefănoaia, M. Rus // Proceedings of the World Conference on Security Studies. – 2025. – Vol. 2, No. 1. – Айналыс режимі: https://doi.org/10.33422/worldsecurityconf.v2i1.1189.

8. Stoykova, R. Digital evidence: Unaddressed threats to fairness and the presumption of innocence / R. Stoykova // Computer Law & Security Review. – 2021. – Vol. 42. – 105575.

9. Donoso, A. Douglas Husak, Overcriminalization. The Limits of the Criminal Law / A. Donoso // Criminal Law and Philosophy. – 2010. – Vol. 4. – Pp. 99-104.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Агибаева К.Ж., Атаханова Г.М. ҚЫЛМЫСҚА ЖАНАСУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІГІ. Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы. 2026;(3 (41)):36-42. https://doi.org/10.52425/25187252_2026_41_36

For citation:


Agibayeva K.Zh., Atakhanova G.M. THE LEGAL NATURE OF THE INSTITUTION OF CRIMINAL CONNIVANCE AND ITS FEATURES IN A DIGITAL SOCIETY. Bulletin of the Law Enforcement Academy. 2026;(3 (41)):36-42. (In Kazakh) https://doi.org/10.52425/25187252_2026_41_36

Қараулар: 72

JATS XML


ISSN 2518-7252 (Print)
ISSN 3079-4609 (Online)