Preview

Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы

Кеңейтілген іздеу

СУРРОГАТ АНА БОЛУ ШАРТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ ТАЛАПТАРЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

https://doi.org/10.52425/25187252_2026_41_19

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада суррогат ана болу туралы шарттың елеулі талаптары зерттеледі. Қазақстан Республикасының аумағында жасалған және нотариаттық тәртіппен куәландырылған суррогат ана болу туралы шарттарды зерделеу барысында, біріншіден, олардың мазмұны азаматтық-құқықтық шарттардың құқықтық табиғаты мен мәніне сәйкес келмейтіні, екіншіден, шарттың негізгі нысанасы көрсетілмегені немесе дұрыс айқындалмағаны, үшіншіден, тараптар келіскен және бекіткен, шарттың елеулі талаптары болып табылатын талаптардың көзделмегені анықталды.

Қазақстанның репродуктивтік медицина, неке-отбасы және азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы заңнамасына жүргізілген шолу осы уақытқа дейін суррогат ана болу туралы үлгілік шарттың әзірленбегенін және қабылданбағанын көрсетті. Суррогат ана болу туралы шарттың біріздендірілген нысанының болмауы және мұндай шарттарға мемлекет тарапынан тиісті бақылаудың жүргізілмеуі шарттық тәжірибеге кері әсер еткені анықталды. Өз кезегінде, қалыптасқан шарттық тәжірибеде суррогат ана болу туралы шарттың құқықтық табиғаты мен мәніне толық сәйкес келмейтін өзіндік әдет-ғұрыптар мен қағидалар орныққан.

Авторлар суррогат ана болудың сипаты мен ерекшеліктерін, оны қолданудың тәртібі мен шарттарын, заңнаманың мәні мен қалыптасқан шарттық тәжірибені, сондай-ақ шет мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, суррогат ана болу туралы шарттарда көзделуге тиіс елеулі талаптарды ұсынады.

Авторлар туралы

Э. Б. Аблаева
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Қазақстан

Эльвира Бекболатқызы Аблаева –  «Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау» Мектебінің медициналық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Алматы қ. 



С. Б. Саутбаева
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Қазақстан

Салтанат Бақытжанқызы Саутбаева – экономика және құқық факультетінің құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі

Ақтөбе қ. 



Әдебиет тізімі

1. Kaur, R. Surrogacy in India: Legal, Ethical, and Social Dimensions / R. Kaur, et al. // Journal of Neonatal Surgery. – 2025. – № 14 (12s). – Pp. 684-686.

2. Horsey, K. The future of surrogacy: a review of current global trends and national landscapes / K. Horsey // Reproductive BioMedicine. – 2024. – Vol. 48. Issue 5. – Pp. 1-16.

3. Нұрмағанбет, Е.Т. Қазақстан Республикасында қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар арқылы репродуктивті құқықтарды жүзеге асырудың құқықтық реттелуі / Е.Т. Нұрмағанбет, Э.О. Тойлыбекова // Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы. – 2026. – № 1 (39). – 30-40 б.

4. Цыдыпова, Н.В. Договор суррогатного материнства: анализ правовой природы договора суррогатного материнства, его существенных условий и последствий нарушения договора / Н.В. Цыдыпова // Вопросы российской юстиции. – 2025. – Вып. 37. – С. 246-255.

5. Парайдин уулу, Ш. Кыргыз Республикасынын мыйзамдары менен карын энелик институтун укуктук жөнгө салуу / Ш. Парайдин уулу // ОШ мамлекеттик университетинин Жарчысы. Укук. – 2023. – № 2 (3). – Pp. 6-11.

6. Новицька, М.М. Прогалини у нормативно-правовому регулюванні сурогатного материнства в Україні та аналіз досвіду зарубіжних країн / М.М. Новицька, А.В. Кожушко // Правові горизонти. – 2020. – № 22 (35). – Pp. 76- 81.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Аблаева Э.Б., Саутбаева С.Б. СУРРОГАТ АНА БОЛУ ШАРТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ ТАЛАПТАРЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ. Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы. 2026;(3 (41)):19-28. https://doi.org/10.52425/25187252_2026_41_19

For citation:


Ablaeva E.B., Sautbayeva S.B. ESSENTIAL TERMS OF THE SURROGACY AGREEMENT: COMPARATIVE LEGAL ANALYSIS. Bulletin of the Law Enforcement Academy. 2026;(3 (41)):19-28. (In Kazakh) https://doi.org/10.52425/25187252_2026_41_19

Қараулар: 50

JATS XML


ISSN 2518-7252 (Print)
ISSN 3079-4609 (Online)