Preview

Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы

Кеңейтілген іздеу

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ МОРАЛЬДЫҚ-ЭТИКАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ

https://doi.org/10.52425/25187252_2026_41_61

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің моральдық-этикалық қырлары қарастырылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық тек құқықтық мәселе ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғамның моральдық құндылықтарын, рухани бағдарлары мен этикалық нормаларын қамтитын күрделі әлеуметтік құбылыс болып табылады. Адам құқықтарын қорғауға, әділеттілік пен теңдік қағидаттарын сақтауға, сондай-ақ отбасы институтын нығайтуға ерекше назар аударылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептері мен салдары талданып, агрессияның кез келген көрінісіне төзбеушілік көзқарасты қалыптастырудағы қоғамның, мемлекеттің, білім беру және діни институттардың рөлі ашылады. Жәбірленушілерге көмек көрсетудің этикалық қағидаттары, моральдық қолдаудың және тиімді әлеуметтік-психологиялық оңалту жүйесін құрудың маңыздылығы зерделенеді. Зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін дамыту, құрметке, эмпатия мен өзара жауапкершілікке негізделген қоғамдық сананы қалыптастыру қажеттілігі атап өтіледі. Отбасында әдепке негізделген мінез-құлықты қалыптастыру және өскелең ұрпақты гуманизм мен өзара құрмет рухында тәрбиелеу мәселелері қарастырылады. Зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамдық көзқарасты өзгертудегі ағартушылық қызмет пен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі атап өтіледі. Зерттеу нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тек құқықтық тетіктерге ғана емес, қоғамның рухани-адамгершілік негіздеріне де сүйенуге тиіс деген қорытынды жасалады.

Авторлар туралы

Ш. Р. Жұмағулова
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қазақстан

Шолпан Рүстемқызы Жұмағулова – аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты

Қызылорда қ. 



Э. О. Тойлыбекова
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қазақстан

Эльмира Орынтайқызы Тойлыбекова – қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD)

Қызылорда қ. 



Әдебиет тізімі

1. Рахметов, С.М. Проблемы совершенствования законодательства Республики Казахстан по

2. противодействию семейно-бытовому насилию / С.М. Рахметов // Вестник Института законодательства и правовой

3. информации Республики Казахстан. – 2020. – № 5 (63). – C. 127-134.

4. Августхан, С.А. Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты

5. қорқытудың кейбір мәселелері / С.А. Августхан, Р.А. Медиев // Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы.

6. – 2024. – № 2 (32). – 73-79 б.

7. Fraga, S. Methodological and ethical challenges in violence research / S. Fraga // Porto Biomed J. – 2016. –

8. № 1 (2). – Pp. 77-80.

9. Di Marco, M.H. Multiples Ethical Dialogues in Domestic Abuse-Related Deaths and Perpetrator Studies:

10. Attending to Complexity / M.H. Di Marco, J. Rowlands // International Journal of Qualitative Methods. – 2025. – Vol. 24. –

11. Pp. 1-11.

12. Нурмагамбетова, А.С. Моральные ценности и их роль в профилактике насилия среди молодежи /

13. А.С. Нурмагамбетова // Педагогика и социология. – 2020. – № 4. – С. 56-63.

14. Сариев, С.Т. Насилие в Казахстане: социокультурные и правовые аспекты / С.Т Сариев и др. // Вестник

15. социологии. – 2019. – № 2. – С. 89-101.

16. Абдуллаева, Ж.Т. Культурно-религиозные аспекты восприятия насилия в Казахстане / Ж.Т. Абдуллаева //

17. Социология и право. – 2022. – № 1. – С. 23-34


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жұмағулова Ш.Р., Тойлыбекова Э.О. ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ МОРАЛЬДЫҚ-ЭТИКАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ. Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы. 2026;(3 (41)):61-69. https://doi.org/10.52425/25187252_2026_41_61

For citation:


Zhumagulova Sh.R., Toilybekova E.O. SOCIAL, LEGAL, MORAL, AND ETHICAL ASPECTS OF COMBATING VIOLENCE. Bulletin of the Law Enforcement Academy. 2026;(3 (41)):61-69. (In Russ.) https://doi.org/10.52425/25187252_2026_41_61

Қараулар: 53

JATS XML


ISSN 2518-7252 (Print)
ISSN 3079-4609 (Online)