Preview

Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы

Кеңейтілген іздеу

Бұұ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенциясына сәйкес Қазақстанда мүгедек балалардың құқықтарын жүзеге асырудың кейбір мәселелері

https://doi.org/10.52425/25187252_2023_27_99

Толық мәтін:

Аңдатпа

Әлемнің барлық елінде жыл санап мүмкіндігі шектеулі балалардың саны көбейіп жатқандығы мәлім. Мүгедек балалар қоғам тарапынан түрлі шеттетулерге, кемсітулерге, құқықтарының бұзылуы мен сақталмауы сияқты жағдайларға ұшырап қана қоймай, зорлық-зомбылық, қатыгездікпен қарау, қажетті күтімсіз қалу және қанау секілді әрекеттердің құрбандарына айналуда. Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау механизмі халықаралық құқықпен қамтамасыз етілген. Алайда, құқықтарды заңи түрде белгілеу – олардың автоматты түрде, еш кедергісіз жүзеге асырылуын білдірмейді. Мақалада еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалардың халықаралық құқық нормаларына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын жүзеге асыру барысында кездесетін бірқатар мәселелері туралы сөз қозғалған. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттен қажетті әрі пәрменді көмек алу, сол арқылы денсаулық жағдайын жақсарту – мүмкіндігі шектеулі балалардың халықаралық және ұлттық заңнамалық құжаттармен кепілдік берілген құқықтары болып табылады. Аталған саладағы құқықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттің тиімді механизмінің болуы өте маңызды. Себебі, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін әлеуметтік, саяси, экономикалық және өзге де құқықтарын жүзеге асыра алуы олардың денсаулық жағдайларының жақсаруы не бірқалыпты болуымен тығыз байланысты.

Авторлар туралы

А. Н. Ергалимова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

Ақбөпе Нұрмұханбетқызы Ергалимова –докторанты, халықаралық құқық магистрі

Астана қ.



Е. М. Абайдельдинов
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

Ербол Мусинович Абайдельдинов – халықаралық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының                           
докторы

Астана қ.



Әдебиет тізімі

1. Алисиевич, Е.С. Поощрение и защита прав уязвимых групп в международном праве: учеб. пособие / Е.С. Алисиевич. – М.: РУДН, 2012. – 431 с.

2. Тұрсынов, А.Б. Қазақстандағы балалар құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері / А.Б. Тұрсынов // Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы. – 2020. – №1(15). – 100-106 бб.

3. Stoykovich, L.Yu. Inclusive Education: Factors Of Adaptation of Disabled People to the Education Process [Electronic resource] / L.Yu. Stoykovich, et al. – Global Challenges and Prospects of the Modern Economic Development / European Proceedings of Social and Behavioural Sciences, 2019. – vol 57. – pp. 643-653. – Access mode: https://doi.org/10.15405/epsbs.2019.03.64 (Access data: 29.11.2022).

4. Международная и внутригосударственная защита прав человека: учебник / под ред. Р.М. Валеева. – М.: Статут, 2011. – 413 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ергалимова А.Н., Абайдельдинов Е.М. Бұұ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенциясына сәйкес Қазақстанда мүгедек балалардың құқықтарын жүзеге асырудың кейбір мәселелері. Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы. 2023;(1 (27)):99-108. https://doi.org/10.52425/25187252_2023_27_99

For citation:


Yergalimova A.N., Abaideldinov Y.M. Some issues of realization of the rights of disabled children in Kazakhstan according to the un convention on «The rights of disabled people». Bulletin of the Law Enforcement Academy. 2023;(1 (27)):99-108. (In Kazakh) https://doi.org/10.52425/25187252_2023_27_99

Қараулар: 87

JATS XML


ISSN 2518-7252 (Print)
ISSN 3079-4609 (Online)