Preview

Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОСАЛҚЫ РЕПРОДУКТИВТІК ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ

https://doi.org/10.52425/25187252_2026_39_30

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазақстан Республикасында қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялардың құқықтық реттелуі жүйелі түрде дамып келеді, бірақ әлі де жетілдіруді қажет етеді. Зерттеу жұмысы қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерді, соның ішінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, неке-отбасы және қосалқы репродуктивті медицина саласындағы бұйрықтарын талдауға арналады. Өзектілігі жоғары мәселелер арасында адам ұрығының әлеуметтік-құқықтық мәртебесі, құрсақ ананың және генетикалық ата-аналардың міндеттері мен жауаптылығы, сондай-ақ жыныстық жасушалардың донорлығын жүргізу жағдайлары қарастырылады. Генетикалық зерттеулердің құқықтық базасының жеткіліксіздігі, адам эмбрионының құқықтық мәртебесі және ғылыми-зерттеу мақсатындағы заңдылық мәселелері, сондай-ақ шетелдік тәжірибелер мен құқық бұзушылықтар бойынша заңды жауаптылығын мысалдары қарастырылып, құрсақ аналық мәселесіндегі құқықтық реттеудің жоқтығы теріс пайдалануларға алып келуі мүмкін екендігі көрсетіледі. Салыстырмалы талдау жасау барысында қазақстандық заңнаманы халықаралық тәжірибемен сәйкестендіру қажеттілігі айқындалады. Авторлар қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды реттейтін және азаматтардың репродуктивтік құқықтарын қамтамасыз ететін жеке заңдарды қабылдаудың маңыздылығын атап өтеді. Бұл зерттеу еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіруге, азаматтардың репродуктивті құқықтарын қорғауға және дамытуға бағытталған стратегиялық қадамдардың негізін қалауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Авторлар туралы

Е. Т. Нұрмағанбет
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
Қазақстан

Ермек Талантұлы Нұрмағанбет – Есенов университетінің вице-президенті, философия докторы (PhD)

Ақтау 



Э. О. Тойлыбекова
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қазақстан

Эльмира Орынтайқызы Тойлыбекова –  қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD)

Қызылорда 



Әдебиет тізімі

1. Lokshin, V. Assisted reproductive technologies in the Republic of Kazakhstan: a 6-year trend analysis from efficacy to availability / V. Lokshin, M. Omar, S. Karibaeva // Journal of Reproduction & Infertility // 2022. – Vol. 23. No 1. – Pp. 61-66.

2. Рыбина, А.Н. Современные аспекты вспомогательных репродуктивных технологий в мире и Казахстане / А.Н. Рыбина, С.Ш. Исенова, В.Н. Локшин // Вестник КазНМУ. – 2019. – № 1. – С. 17-21.

3. Marinelli, S. The legally charged issue of cross-border surrogacy: Current regulatory challenges and future prospects /S. Marinelli, etal.//European Journal of Obstetrics& Gynecology and Reproductive Biology. – 2024. – № 300. – Pp. 41-48.

4. Strelnyk, V. Legal support of the rights of the child and the gestational courier in the context of the fourth generation of human rights in Ukraine / V. Strelnyk, N. Hres, T. Churilova // Revista Jurídica Portucalense. – 2024. – № 35. – Pp. 513-539.

5. Аблаева, Э.Б. Қазақстан Республикасы азаматтарының репродуктивті құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мәселелері / Э.Б. Аблаева, М.А. Утанов // Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы. – 2025. – № 2 (36). – 8-17 б.

6. Иваева, Э.А. Проблемы реализации конституционных прав человека в Российской федерации на примере суррогатного материнства: автореф. дис. ... канд. юрид. наук / Э.А. Иваева. – М., 2004. – 22 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Нұрмағанбет Е.Т., Тойлыбекова Э.О. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОСАЛҚЫ РЕПРОДУКТИВТІК ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ. Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы. 2026;(1 (39)):30-40. https://doi.org/10.52425/25187252_2026_39_30

For citation:


Nurmaganbet Y.T., Toilybekova E.O. LEGAL REGULATION OF THE EXERCISE OF REPRODUCTIVE RIGHTS THROUGH ASSISTANT REPRODUCTIVE METHODS AND TECHNOLOGIES IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. Bulletin of the Law Enforcement Academy. 2026;(1 (39)):30-40. (In Kazakh) https://doi.org/10.52425/25187252_2026_39_30

Қараулар: 113

JATS XML


ISSN 2518-7252 (Print)
ISSN 3079-4609 (Online)