КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАСЫН ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
https://doi.org/10.52425/25187252_2025_36_169
Аңдатпа
Бұл зерттеу халықаралық құқықты дамыту тұрғысынан Каспий өңіріндегі табиғат қорғау проблемаларына арналған. Мақала ерекше физикалық-географиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары бар, бірегей су айдыны – Каспий теңізін қорғаудың құқықтық мәселелеріне арналған. Мақалада Каспий өңірінде халықаралық және ұлттық деңгейлерде Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғау тетіктерін қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеудің қазіргі заманғы проблемаларына сипаттама беріледі. Қазіргі таңда Каспий теңізінің экожүйесін қорғау өзекті, себебі бұл су айдыны тұйық болып табылады және жоғары антропогендік жүктемені бастан кешіріп отыр.
Теңіз қайраңындағы көмірсутек ресурстарын қарқынды өндіру көбінесе ауқымды ластануға әкеледі, бұл фаунаның бірегей түрлеріне, соның ішінде маңызды коммерциялық маңызы бар бекіре тұқымдас балықтарға айтарлықтай зиян келтіреді. Ластанумен күресу шараларының тиімділігі Каспий маңы мемлекеттерінің ісәрекеттерін үйлестіру үшін халықаралық құқықтық базаның жеткіліксіздігінен қиындап отыр.
Авторлар мақалада Каспий теңізінің құқықтық реттелуін белгілейтін бір қатар құқықтық актілер мен конвенцияларды зерттеп, өз ұсыныстарын береді. Сонымен бірге, «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы» Конвенцияға тоқталып, басқа да халықаралық құжаттармен салыстырма жасады.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
М. Қ. ЖусупбековаҚазақстан
Мадина Қойшыбайқызы Жусупбекова – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Қызылорда қ.
М. Қ. Джунусбаева
Қазақстан
Мадина Қалдарбекқызы Джунусбаева – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Тагиева, С.Ч. Международно-правовая защита среды Каспийского моря: автореф. дис. ... канд. юрид. наук / С.Ч. Тагиева. – Москва, 2012. – 31 с.
2. Бабаев, А.Г. Природопользование в регионе Каспийского моря / А.Г. Бабаев, И.С. Зонн // Вестник Российской Академии наук. – 2015. – № 8. – С. 715-719.
3. Алиев, И.Г. Каспийская нефть Азербайджана / И.Г. Алиева. – М.: Известия, 2003. – 67 с.
4. Зонн, И.С. Новый Каспий. География, экономика, политика / И.С. Зонн, С.С. Жильков. – Москва: Восток-Запад, 2008. – 542 с.
5. Кадырбекова, Н.Г. Каспийское море: природопользование и экологические проблемы / Н.Г. Кадырбекова. – СНИГУ им. Н.Г. Чернышевского, 2019. – 11 с.
6. Анянова, Е.С. Проблемы Каспийского моря в современном международном праве: автореф. дис. ... канд. юрид. наук: 12.00.10. – Москва, 2010. – 26 с.
7. Karataeva, E. The Convention on the Legal Status of the Caspian Sea: The Final Answer or an Interim Solution to the Caspian Question? / E. Karataeva // The International Journal of Marine and Coastal Law. – 2020. – № 35 (2). – Pp. 232-260.
8. Guliev, I.A. Legal Status of the Caspian Sea: New Challenges for Energy Policy and Diplomacy / I.A. Guliev, G. Zeynalova // Proceedings of the International Conference on Economics, Finance and Business. – 2019. – № 12. – Pp. 41-44.
9. Vinogradov, S. The Caspian Sea: quest for a new legal regime / S. Vinogradov, P. Wouters // Leiden Journal of International Law. – 1996. – № 9 (1). – Pp. 87-98.
10. Thévenin, P. The Caspian Sea Convention: New Status but Old Divisions? / P. Thévenin // Review of Central and East European Law. – 2019. – № 44 (4). – Pp. 437-459.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Жусупбекова М.Қ., Джунусбаева М.Қ. КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАСЫН ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы. 2025;(2 (36)):169-178. https://doi.org/10.52425/25187252_2025_36_169
For citation:
Zhusupbekova M.K., Junusbayeva M.K. LEGAL ISSUES OF ENVIRONMENTAL PROTECTION OF THE CASPIAN SEA. Bulletin of the Law Enforcement Academy. 2025;(2 (36)):169-178. (In Kazakh) https://doi.org/10.52425/25187252_2025_36_169
JATS XML


