Preview

Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

https://doi.org/10.52425/25187252_2025_36_8

Толық мәтін:

Аңдатпа

Ғылыми мақала қазақстандық азаматтардың репродуктивті денсаулықты қорғауға, оның ішінде Қазақстан Республикасында рұқсат етілген қосалқы репродуктивті әдістер мен технологияларды қолдана отырып, бедеулікті емдеуге немесе еңсеруде өз конституциялық құқығын іске асыру мәселелерін талдауға және шешуге арналған. Авторлар репродуктивті денсаулықты қорғау, денсаулық сақтау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету, қосалқы репродуктивті әдістер мен технологияларды қолдану, отбасы құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңнаманы және тәжірибені зерттейді. Заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін жан-жақты және терең талдау авторларға қазақстандық азаматтар мен отбасыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің сақтандырылған қатысушылары ретінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен қоса алғанда, қосалқы репродуктивті әдістер мен технологияларды қолдану арқылы өздерінің бедеулікті емдеуде немесе еңсеруде репродуктивті құқықтарын іске асыруға кедергі келтіретін елеулі мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. Жұмыс соңында авторлар қарастырылып отырған құқықтық қатынастар саласында қазақстандық заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді.

Авторлар туралы

Э. Б. Аблаева
Тұран университеті
Қазақстан

Эльвира Бекболатқызы Аблаева –Жоғары құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты

Алматы қ.



М. А. Утанов
Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты
Қазақстан

Мұхтархан Айдарханұлы Утанов –Төрағасының қылмыстық істер жөніндегі кеңесшісі, заң ғылымдарының докторы, доцент 

Астана қ.



Әдебиет тізімі

1. Njagi, P. Financial costs of assisted reproductive technology for patients in low and middleincome countries: a systematic review / P. Njagi, et al. // Human Reproduction Open. – 2023. – No. 2. – Pp. 1-16.

2. Жукова, З.Б. Проблемы правового регулирования суррогатного материнства в Республике Казахстан / З.Б. Жукова, Л.И. Товсултанова // Научные междисциплинарные исследования. – 2020. – № 3-2. – С. 77-86.

3. Довнар, А.Н. Применение искусственных методов репродукции в России и Казахстане: сравнительно-правовой анализ законодательного регулирования / А.Н. Довнар // Социально-политические науки. – 2022. – № 1. – С. 48-54.

4. Рыбина, А.Н. Современные аспекты вспомогательных репродуктивных технологий в мире и Казахстане / А.Н. Рыбина, С.Ш. Исенова, В.Н. Локшин // Вестник КазНМУ. – 2019. – № 1. – С. 17-21.

5. Adamson, G.D. Global fertility care with assisted reproductive technology / G.D. Adamson, F. Zegers-Hochschild, S. Dyer // Fertility and Sterility. – 2023. – Volume 120. Issue 3. Part 1. – Pp. 473482.

6. Matteo, M. Assisted Reproductive Technology / M. Matteo // Practical Clinical Andrology. – 2023. – Pp. 237-250.

7. Brezina, P.R. Recent Advances in Assisted Reproductive Technology / P.R. Brezina, et al. // Current Obstetrics and Gynecology Reports. – 2012. – Volume 1. – Pp. 166-173.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Аблаева Э.Б., Утанов М.А. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы. 2025;(2 (36)):8-17. https://doi.org/10.52425/25187252_2025_36_8

For citation:


Ablaeva E.B., Utanov M.A. PROBLEMS OF REALIZATION OF REPRODUCTIVE RIGHTS AND FREEDOMS BY CITIZENS OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. Bulletin of the Law Enforcement Academy. 2025;(2 (36)):8-17. (In Kazakh) https://doi.org/10.52425/25187252_2025_36_8

Қараулар: 115

JATS XML


ISSN 2518-7252 (Print)
ISSN 3079-4609 (Online)